Алматы және Қаскелең қалаларында «Fitness park KZ» бұқаралық  жаттығулары өтті

7 және 9 шілдеде Алматы мен Алматы облысында Ұлттық Дельфий комитетінің «Fitness park KZ» бұқаралық спортты дамыту жобасының бұқаралық жаттығулары мен шеберлік сыныптары өтті, деп хабарлады Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.  Іс-шаралар санитарлық нормаларды сақтай отырып ашық алаң жағдайында өткізілді.

Жаттықтырушылар мен фитнес-нұсқаушыларға арналған авторлық мастер-класстар, бұқаралық спортты ілгерілету әдістемесі мен бағдарламасы бойынша бұқаралық жаттығуды спорт саласының кәсіпқойлары Меруерт Алдаширова мен Людмила Ма өткізді.

Меруерт Алдаширова- фитнес-директор және «World Class Almaty» топтық бағдарламалар нұсқаушысы, Nike Convention 2019 Конвенциясының жүлдегері, VII Ұлттық Дельфийлік ойындардың лауреаты, ал Людмила Ма – «World Class Almaty» нұсқаушысы және спорттық бал билерінен спорт шеберіне үміткер.

Сондай-ақ, шараға спорт белсендісі және «Тас джунглиде» өмір сүру бойынша жаттықтырушы Серік Тұржанов қосылды.

«Біздің бұқаралық спортты дамыту бағдарламасы мен әдістемесі ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығымен және «World Class»фитнес клубтарының халықаралық желісімен серіктестікте әзірленген. Олардың тәжірибесі негізінде бұқаралық спортты дамытуға арналған ширату мен жаттығулар кешені әзірленді», – дейді жоба жетекшісі, Ұлттық Дельфий комитетінің директоры Құралай Түспекова.

Сондай-ақ, Қ.Түспекова жоба аясында Қазақстанның барлық өңірлерінде жастарға арналған бұқаралық жаттығулар мен шеберлік сыныптарын өткізу жоспарланғанын айтты: «Алғашқы спорттық іс-шаралар мамыр айында СҚО-да өтті, қазір Алматы қаласы мен Алматы облысында өтуде».

7 шілдеде жаппай жаттығулар Алматы қаласындағы гүлзарлардың бірінде, 9 шілдеде Алматы облысы Қаскелең қаласының «Арман Дала» Балалар демалыс орталығында өтті.

«Fitness park KZ» жобасы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранты аясында жүзеге асырылуда. Жобаның міндеті-қазақстандық жастар арасында дене шынықтыру және спорттың көп сатылы бағдарламасын іске асыру.