Әлеуметтік жобасының басталуына арналған баспасөз- конференциясы өтеді

Құрметті достар!
Ертең, сағат 10:00-де онлайн режимінде «EN BAQYTTY El» қоғамдық қорының » Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі шараларды институциянализациялау» әлеуметтік жобасының басталуына арналған баспасөз- конференциясы өтеді.
Конференцияға ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов», «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрайымы Лима Диас,» EN BAQYTTY El » ҚҚ директоры Камиля Сүлейменова, «Біріккен Ұлттар Ұйымының халық қоныстануы саласындағы қоры (ЮНФПА) » жоба серіктестері «Қазақстан Әкелері» Республикалық әкелер қауымдастығы, «BOPE» қоғамдық қоры, «JANYM» қоғамдық бірлестігі және жобаның бенефициарлары қатысады.
Спикерлер жобаның басты іс-шаралары жайлы, соның ішінде:
– «Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі шараларды институционализациялау «жобасын іске асырудың басталуы»;
– жоба аясында өткізілетін іс-шаралар;
– YouTube арнасының отбасылық құндылықтар туралы бейнесабақтар мен сұхбаттарды орналастыру жұмысы туралы сөз қозғайды.
Трансляцияны En_baqytty_el Youtube-арнасынан, Facebook en BAQYTTY EL және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ парақшаларынан көруге болады

https://www.facebook.com/cisc.kz

.

Жоба Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.