“Әлеуметтік кәсіпкерлік: қоғам мен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер» халықаралық форумы

18-19 маусымда Жамбыл облысы әкімдігінің бастамасымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп “Әлеуметтік кәсіпкерлік: қоғам мен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер” тақырыбында халықаралық форум өтеді.

Бір алаңда әлеуметтік кәсіпкерлер, республикалық және аймақтық деңгейдегі өкілетті және атқарушы органдар, ҮЕҰ өкілдері және қоғамдық әлеуметтік мәселелерге бей-жай қарамайтын қамқор адамдар жиналады.

Форумға онлайн және офлайн форматта қатысуға келесі қонақтар мен спикерлер шақырылды:

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрағасы Лима Диас, Әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты, экономика ғылымының профессоры Мұхамед Юнус (Бангладеш), әлеуметтік инвестициялау және кәсіпкерлік саласындағы жетекші ресейлік сарапшы Сергей Голубев, Израильдің үздік әлеуметтік кәсіпкері Хаим Философ, Тәжікстандағы әйелдер кәсіпкерлігі күнінің амбассадоры Насибахон Аминова, сондай-ақ Еуропалық қайта құру және даму банкінің, АҚШ Бас консулдығының және Қазақстандағы Израиль елшілігінің өкілдері қатысады.

Сонымен қатар, Қазақстандағы Еуразия қорының әлеуметтік кәсіпкерлік жөніндегі бағдарламасының директоры Айгүл Тағатова мен Impact Hub Бас директоры Индира Шах, “Әлеуметтік кәсіпкерлер қауымдастығы” басқармасының төрағасы Бақытбек Сағынәлі (Қырғызстан) және әлеуметтік кәсіпкер Эмин Әскеров келеі деп күтілуде.

Форум аясында әлеуметтік кәсіпкерлік туралы кодекс жобасы, сондай-ақ еліміздегі әлеуметтік кәсіпкерлердің жұмысы таныстырылады.

Сонымен қатар, осы іс-шара барысында пленарлық сессия мен мастер-кластар өткізу жоспарлануда. Халықаралық форумның қорытындысы бойынша Қарар қабылданады.

“Іс – шара халықты әлеуметтік кәсіпкерлік туралы хабардар етуге, мемлекет пен кәсіпкерлер арасындағы ынтымақтастық тетіктерін талқылауға және әзірлеуге, сондай-ақ қолданыстағы әлеуметтік бағдарламаларды шешу жолдарын құруға мүмкіндік береді”, – деп хабарлайды іс-шараны ұйымдастырушылар.

Форумға қатысу Zoom сілтемесі арқылы қолжетімді: https://us02web.zoom.us/j/82276870687.

Іс-шара 18 маусымда сағат 10:00-де басталады.

“Әлеуметтік кәсіпкерлік: қоғам мен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер” халықаралық форумына қатысу сертификатын алу және әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша консультациялар үшін сілтеме бойынша тіркелу қажет https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSe2LCLogrP_Iz5iWEIuEiGP0fTthm9O5RjXnrBrQw_n2TtYGw/viewform?vc=0&c=0&w=1&flr=0&usp=mail_form_link.