450-ден астам қазақстандық ҮЕҰ академиясында білім алды

Қоғамдық белсенділерін оқыту «ҮЕҰ академиясы»  жобасы аясында жүргізіліп жатыр деп, хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.

Үкіметтік емес сектор өкілдерінің кәсіби дағдыларын арттыруға бағытталған ауқымды республикалық жобаны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамалар орталығы» ҚБ жүзеге асырады.

«Жыл басынан ҮЕҰ академиясында 453 қазақстандық оқудан өтті. Жоба аясында кемінде үкіметтік емес секторы 1090 өкілі мен көшбасшылары кәсіптік дағдыларын арттырады деп күтілуде. Сондай – ақ, әлеуметтік саланың дамуына оң ықпал ету  үшін жоба аясында әлеуметтік кәсіпкерлік жөніндегі арнайы курс өткіземіз», – дейді жоба жетекшісі Светлана Пак.

Биыл ҮЕҰ академиясында оқу факультеттерде және әртүрлі бағыттар бойынша мамандандырылған курстарда өткізіледі. Қазіргі уақытта академияда ҮЕҰ-ны ұйымдастыру-институционалдық дамыту және қаржылық менеджмент факультеттеріне қабылдау жүргізілуде.

Оқуға еліміздің барлық өңірлерінің тұрғындары қатыса алады. Курстар онлайн және офлайн форматта өткізіледі. Оқу аяқталғаннан кейін ҮЕҰ академиясының үздік тыңдаушыларына сертификаттар табысталады.

Жоба аясында оқудан өтуге ниет білдіргендердің барлығы келесі нөмірлер және электронды пошта бойынша хабарласа алады: +7 (727) 398 95 25, +7 747 847 19 70, akademianpo@gmail.com.