Нұр-Сұлтандағы АҚШ Елшілігінің және АҚШ Мемлекеттік департаментінің Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының қоғаммен байланыс бөлімдері Қоғамдық дипломатия саласындағы гранттар бағдарламасы аясында жыл сайынғы грантқа өтінімдер қабылдау туралы жариялады.

 

Байқаудың мақсаты: Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан арасындағы мәдени, білім беру және кәсіби байланыстарды дамытуға бағытталған бағдарламаларды қолдау.

 

Ұсынылатын жобалар келесі басым бағыттарға сәйкес келуі тиіс:

  • Дезинформацияға қоғамдық тұрақтылықты қолдау
  • Демократиялық институттар мен адам құқықтарын қолдау
  • Әділ, климатқа бағытталған және тұрақты энергетикалық болашаққа негізделген инклюзивті, әртараптандырылған экономикалық өсуді қолдау

 

Бір жобаның құны 40,000 долларға дейін болуы мүмкін.

 

Байқау шарттары: келесі коммерциялық емес қазақстандық және американдық ұйымдар өтінім беруге құқылы:

  • Коммерциялық емес ұйымдар
  • Азаматтық қоғам / үкіметтік емес ұйымдар
  • Аналитикалық орталықтар
  • Мемлекеттік және жеке оқу орындары

 

Өтінім берудің соңғы мерзімі: бірінші мерзім: 2022 жылғы 29 сәуір; екінші мерзім: 2022 жылғы 15 маусым.

 

Толық ақпаратты келесі сілтеме бойынша табуға болады:

https://www.grants.gov/web/grants/view-opportunity.html?oppId=338747