№ 5 хаттамадан үзінді көшірме

Грант алушыларды іріктеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің «2021 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беру жоспарын бекіту туралы» 2020 жылғы «24» желтоқсандағы № 419 бұйрығымен бекітілген, «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы «22»маусымдағы № 224 бұйрығына және 2021 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға гранттар берудің бекітілген жоспарына сәйкес 2021 жылғы 24 маусымда жарияланған үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру конкурсының өтінімдерін тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптау комиссиясы отырысының

 

№5 Хаттама көшірмесі

 

 

Нұр-Сұлтан қ.                                                                 «06»  тамыз 2021 жыл.

Өткізу уақыты: сағат 17:30

Өткізу форматы: онлайн (Zoom)

 

Сараптамалық комиссияның отырысы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ ресми интернет-ресурсында (бұдан әрі-Оператор) көрсетілді.

 

Грант алушыларды іріктеу мақсатында сараптамалық комиссия 3 үкіметтік емес ұйымнан түскен 3 өтінімге тәуелсіз сараптама жүргізді.

 

Әрбір өтінімге Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығымен бекітілген гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі-Қағидалар) 12-қосымшасында бекітілген көрсеткіштер бойынша балдар берілді.

 

 

ҮЕҰ атауы Өтінім коды Жалпы балл
Азаматтық қоғамды дамытудағы диалог алаңдарының рөлі: халықаралық тәжірибе
1.         «Бакытты бала» ҚҚ

 

103 60
2. «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ 104 62
3. «Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігі

 

101 32

Сараптама комиссиясының қорытынды отырысына сілтеме: https://www.facebook.com/cisc.kz/videos/968914573950657

 

Сараптау комиссиясының хатшысы______________/ Абенова Б. М.