Каспий тазарды: Маңғыстаудағы эко-квестте 200-ден астам қап қоқыс жиналды

Жарияланған күні: 16.09.2024


Маңғыстауда “Таза Қазақстан” бастамасы аясында “Таза жағалау-тірі Каспий” эко-квесті өтті.

100 — ге жуық қатысушы Каспий жағалауын таза ету және оның табиғи сұлулығын сақтау үшін бір мақсатта жиналды. Квест барысында 200-ден астам қап қоқыс жиналып, жағымды және керемет көңіл-күй сыйлады! Қатысушылар экологияға үлес қосып қана қоймай, бәсекеден рухтанып , ләззат алды. Үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар командалық ақшалай сертификаттармен марапатталды. Квест Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу Басқармасының және Бірыңғай грант операторының қолдауымен ұйымдастырылып, экология мен спорттың қатар жүре алатынының тамаша үлгісі болды.