«Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау» бағыты бойынша екі жоба жарияланды

ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттар беру конкурсы жалғасуда.

Конкурс 12 бағытта 22 тақырып бойынша жарияланды.

«Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау» бағыты бойынша екі жоба жарияланды:

  • Қарттар үйлеріне, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына волонтерлерді тарту бойынша «Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық жобасын іске асыру

Жобаның мақсаты: Әлеуметтік қызметтер көрсететін әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында, оның ішінде қарттар үйінде   қарт адамдарға ұзақ мерзімді күтім жасау жүйесінің моделін енгізу

  • Жоғалған адамдарды іздеу, зілзала қаупін азайту және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегіжобаларға волонтерлерді тарту бойынша «Birgemiz: Úmit» жалпыұлттық жобасын іске асыру

Жобаның мақсаты: Жоғалған адамдарды іздеу, халықты және аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және іске асыруға волонтерлер мен азаматтарды тарту.

«Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу» бағыты бойынша мемлекеттік грантты беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттардың толық пакетін 2 шілде, сағат 18.00-ге дейін ұсынуы қажет.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы конкурсқа қатысушылардың өтінімдерінен елеулі кемшіліктері анықталған жағдайда, оларды түзеуге мүмкіндік алу үшін ҮЕҰ-ға өтінімдерді алдын ала ұсынуға кеңес береді.