Еуропалық Одақтың Сараптамалық орталығы грант процесі бойынша АҚДМ және АБҚО қызметкерлеріне оқыту жүргізді

Жарияланған күні: 19.05.2023


Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қызметкерлері әлеуметтік жобаларды іске асыру тиімділігін мониторингтен өткізудің, сараптау мен бағалаудың заманауи және тиімді тәсілдерін қолдану бойынша өз құзыреттілігін арттырды.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының базасында 15 және 19 мамыр аралығында Еуропалық Одақтың Socieux+ сараптама орталығының өкілдері техникалық қолдау шеңберінде ЕО институттары пайдаланатын халықаралық стандарттар мен заманауи құралдарды ескере отырып, мониторинг рәсімдерін жақсарту жөніндегі тренингтерді өткізді.


Орталық пен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мамандары мониторинг түрлерін, жобаны сараптау әдістерін, сондай-ақ мониторингтің құқықтық және қаржылық аспектілерін зерделеді.


Сонымен қатар, тренингке қатысушылар жобаларды іске асыру тәуекелдерін анықтау және олардың алдын алу тәсілдері, ЕО-ның жобаларды бағалау және мониторингілеу бойынша озық тәжірибесінің үлгілері, проблемалар мен тұрақтылықты диагностикалау құралдары, жобаны іске асырғаннан кейінгі ұзақ мерзімді әсері туралы білді.

Бес күндік тренинг соңында курс тыңдаушылары оқытудан өткендігі жөніндегі сертификаттарға ие болды.


Айта кетейік, оқыту курсы ЕО халықаралық стандарттарына сәйкес келетін сарапшылар әзірлеген ұсынымдар негізінде өткізілді.