Халықаралық сарапшылар АБҚО-дағы мониторинг және бағалау рәсімдерін жетілдіруге қатысты ұсынымдарын береді

Жарияланған күні: 28.11.2022


14-25 қараша аралығында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығына гранттық қаржыландырудың тиімділігін жақсартуды техникалық қолдау мақсатында Еуропалық Одақтың Socieux+ сараптама орталығының өкілдері келді.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде ЕО институттары пайдаланатын халықаралық стандарттар мен заманауи құралдарды ескере отырып, АБҚО-ның мониторинг рәсімдерін жақсарту және стандарттауда мүддесінің бар екендігі айқындалды.

«Соңғы уақытта ҮЕҰ-ға бөлінетін қаражат көлемі ұлғайып отыр. Мониторингтің ағымдағы рәсімдерін бағалап, олардың мазмұнын жақсарту қажет. Сарапшылар жобаларды мониторингілеу мен бағалаудың осы рәсімдерін бағалауы керек», – деп мәлімдеді орталықта.
Көшпелі миссия шеңберінде SOCIEUX+сарапшылары АБҚО өкілдерімен бірлесіп, мониторинг пен бағалаудың ағымдағы рәсімдерін талқылады. Сондай-ақ, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдерімен, Орталықтың грант алушыларымен жұмыс кездесулерін өткізді.

«Біздің сапарымыздың негізгі мақсаты бенефициарларға қатысты Азаматтық бастамаларды қолдау Орталығының қызметкерлері қолданатын мониторинг пен бағалау процесін бағалау болды. Біз, сондай – ақ, осы рәсімдерді жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгіземіз», – деп атап өтті сарапшы Элизабет Трифан.

Талдау нәтижелеріне сүйене отырып, сарапшылар ЕО-ның озық тәжірибесі мен халықаралық стандарттарын ескеретін ұсыныстар әзірледі. Сонымен қатар, Орталық қызметкерлері ЕО сарапшыларының ұсыныстарын қолдану бойынша оқытылады деп күтілуде.