Жарияланған күні: 20.09.2024
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінде Светлана Жақыпова төрағалығымен гранттық қаржыландыру мәселесі бойынша кездесу өтті. Оған өңірлердегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының өкілдері, Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Сұлтанова және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының өкілдері қатысты.
Жиналысты ашқан Министр Светлана Жақыпова өңірлерге қоғамдық және әлеуметтік жобаларды қолдаудың мүмкіндіктеріне тоқталып өтті.
Министрдің айтуынша, қазір 184 үкіметтік емес ұйым әлеуметтік қызметтерді 12 мыңнан астам адамға ұсынып отыр.
“Сонымен қатар мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасында өзара байланысты нығайту қажет екенін және әлеуметтік бағдарламаларды жоспарлағанда әр өңірдегі нақты проблемаларды ескеру кетектігін айтты. Аталған мәселелерді шешуге гранттар көмектесе алады, олар азаматтық бастамаларды қолдауға және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған” деді министр Светлана Жақыпова.
Кездесу барысында ҚР МАМ азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Сұлтанова үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ) мемлекеттік қолдаудың негізгі түрлері — мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар, гранттар және стратегиялық әріптестік туралы айтып өтті.
Өз кезегінде Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма Төрағасы Лима Диас орталықтың Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдарға грант беруші ретіндегі рөлін түсіндірді. Орталық 8 жыл ішінде білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, қоршаған ортаны қорғау сияқты маңызды салаларда 600-ден астам жобаны қолдады. Биыл орталық 200-ге жуық жобамен жұмыс істеп жатыр, оның 100-ден астамын жергілікті атқарушы органдар ұсынады.
Лима Диас орталықтың басты мақсаты — азаматтық қоғамды нығайту және қазақстандықтарға әлеуметтік қолдау көрсету екенін айтты. Ол еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігі мен өңірлік басқармалар гранттар арқылы жаңа жобаларды дамытуға белсенді қатысатынына сенім білдірді.
Кездесудің соңында Министр Светлана Жақыпова өңірлік басқармаларға ҮЕҰ-ның гранттық қаржыландыру тәжірибесін зерттеп, оны жергілікті әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін қолдануды қарастыруды тапсырды.