Жарияланған күні: 24.08.2023
Қазақстан Республикасындағы Германия Елшілігі жергілікті халықтың өмірлік жағдайын жақсартуға бағытталған шағын жобаларды іске асыру мақсатында гранттарды ұсыну жөніндегі конкурсты жариялады деп хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.
Жобалар экономикалық факторды қамтуы қажет, мысалы, пайдалану шығындарын азайту немесе халықтың әлеуметтік осал топтарының кәсіби қалыптасуына ықпал етуі қажет. Ұсынылған жобалар тұрақты өзін-өзі қаржыландыруға ие болуы керек, өз салымы кемінде 20% болуы тиіс.
Бұл ретте Елшілік ағымдағы шығыстарды (жалақы, тұтыну тауарлары және т.б.) немесе кредит беруді өтемейді.
Өтініш берушілерге арналған конкурс шарттары:
• Жобаны жүзеге асыратын ұйым қоғамдық мүдделер мекемесі болуы керек (мысалы, ҮЕҰ, мектеп)
• Жобаның бенефициарлары тек жергілікті коммерциялық емес қоғамдық ұйымдар болуы мүмкін.
Өтініш берудің соңғы мерзімі: 2023 жылғы 01 қараша
Толық ақпаратты келесі сілтемеден табуға болады: https://kasachstan.diplo.de/kz-ru/deutschland-kasachstan/-/2175036?fbclid=PAAaYUbgVgvOFBF_sXgV3-BfGNCasul7-23alePJP3bwsJLrYz5cPWUtfaZHU_aem_AaZ3QTn6ipiFSNfSTz-iyxemgUWpm_rAlfPzw4cfdCyHYlXXhLiNB0iHIwT8yY8XoZk