Жарияланған күні: 19.04.2021
Құрметті достар!
Сіздерді “Fitness park KZ”дене шынықтыру және спортты дамытудың бағдарламалары мен әдістемелерін ұсынатын “дөңгелек үстел” отырысына шақырамыз. Іс-шара 20 сәуір күні, сағат 12:00-де Zoom платформасында, онлайн-форматта өтеді.
“Fitness park KZ” жобасы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранты аясында жүзеге асырылуда. Жобаның негізгі міндеті – Қазақстандық жастар арасында дене шынықтыру және спорттың көп сатылы бағдарламасын іске асыру.
Кездесудің спикерлері мен қатысушылары “Fitness park KZ” бағдарламасын әзірлеушілер, мемлекеттік сектор өкілдері, жоба серіктестері, депутаттар, сарапшылар, атақты спортшылар мен БАҚ өкілдері болады.
Сондай-ақ, іс-шара барысында арнайы әзірленген әдістеме арқылы алғашқы 15 минуттық жаттығу көрсетіледі және дене шынықтыру пәнінің жас оқытушылары арасындағы “Fitness park KZ ” республикалық байқауы басталады.
Іс-шараның трансляциясы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Facebook-тегі парақшасында көрсетіледі.