“Fashion Girls in Business” жобасының қатысушылары тренингтердің екінші сериясын аяқтады

Жарияланған күні: 29.04.2021


Нұр-Сұлтан қаласының колледждерінде оқитын студент-қыздарға арналған “Кәсіпкерлік негіздері: бизнесті жоспарлау және сату” курсы бойынша тренингтердің екінші кезеңі аяқталды.
Кәсіпкерлік негіздері сабағында курс тренері Эмин Аскеров бизнес-процестерді құру, бәсекеге қабілетті идеяларды іздеу және заманауи құралдар мен тәсілдерді пайдалану арқылы сату технологияларын енгізу бойынша қатысушылардың біліктілігін арттырумен айналысты.
Сабақ барысында қыздар табысты бизнес-жоба құрудың негізгі түсініктерін зерделеп, бизнес құру кезеңдерінің алгоритмімен танысты.
Қазір жобаға қатысушылар “Сән тарихы, соның ішінде американдық сән” курсы бойынша оқуды бастайды. Курс жаттықтырушысы “TSE Art Destination” галереясының арт-директоры Бауыржан Сағиев.
Естеріңізге сала кетейік, “Fashion Girls in Business” әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Нұр-сұлтан қаласындағы АҚШ Елшілігінің “Америкалық бұрыштар” бағдарламасымен серіктестікте жүзеге асырып келеді.