Жарияланған күні: 13.05.2021
Құрметті достар!
Ертең, 14 мамырда “Fashion Girls in Business” жобасының қатысушылары Қазақстанның табысты әйелдерімен кезекті мотивациялық кездесуін өткізеді. Төртінші кездесудің қонағы – Анар Байтемірова.
2019 жылы құрылған «ByOva» әйелдер киімі брендінің негізін қалаушы және дизайнері Анар Байтемирова Қазақстанда киім брендін құру бойынша практикалық кеңестерімен бөліседі. Сондай-ақ, Нұр-сұлтан, Алматы, Атырау және Ақтау қалаларындағы мультибрендті дүкендер желісінде киім сатудың өз тәжірибесі негізінде бүкіл Қазақстан бойынша ірі ритейл-компаниялармен ынтымақтастық туралы әңгімелейді. Кездесу барысында қыздар қонақпен жеке әңгімелесіп, сән индустриясында бизнес жүргізуге қатысты өздерін қызықтырған барлық сұрақтарын қоя алады.
Естеріңізге сала кетейік, «Fashion Girls in Business» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ Елшілігінің «Америкалық бұрыштар» бағдарламасымен серіктестікте жүзеге асырып келеді. Жоба аясында бұған дейін қыздар тележүргізуші әрі мультибренд дүкендерінің иесі Динара Сәтжанмен, The Steppe Қазақстандық медиастартабының негізін қалаушы Зәуре Розматпен және Қазақстандағы Geneva Business School негізін қалаушы әрі аймақтық директоры Алина Абдрахмановамен кездескен болатын.
Естеріңізге сала кетейік, “Fashion Girls in Business” әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Нұр-сұлтан қаласындағы АҚШ Елшілігінің “Америкалық бұрыштар” бағдарламасымен бірігіп, өзара серіктестікте жүзеге асырады.