“Fashion Girls in Business” жобасының қатысушылары оқуын аяқтады

Жарияланған күні: 21.05.2021


 

«Fashion Girls in Business» әлеуметтік жобасы аясында тренингтердің үшінші және соңғы кезеңі аяқталды. Жобаға қатысушы елорда колледждерінде оқитын студент-қыздарға арналған «Сән тарихы» тақырыбындағы курсты «TSE Art Destination» галереясының арт-директоры Бауыржан Сағиев жүргізді.

 

Сабақ барысында қыздар американдық және еуропалық сән индустриясының тарихын, ақпарат жинаудың жалпы ережелері мен киім дизайнын жасауды, сондай-ақ сән тенденциялары туралы білімдерін кеңейтті. Тренер Бауыржан Сағиев өзінің оқыту үрдісін түрлі сән үйлеріндегі, соның ішінде Alexander McQueen, Chanel және A La Russe & ArNouveau-дағы өз тәжірибесі мен  орындаған дизайнерлік жұмыстардың мысалдар ревьюі негізінде жүргізді.

Соңғы сабаққа қазақстандық дизайнер AIKEN шақырылып, қатысушылар тұрақты сән түсінігі мен тарихымен танысты.

 

Сондай-ақ, осы аптада жобаға қатысушылардың Қазақстанның табысты әйелдерімен кезекті мотивациялық кездесуі өтті. Жобаның қонақтары ретінде  Дизайнерлердің Еуразиялық Одағының өкілдері –  Жүнісова Гүлнар мен Темірболатова Майя шақырылды. Қонақтар әртүрлі жергілікті және шетелдік дизайнерлермен жұмыс істеу тәжірибесі, Қазақстандағы сән үрдістері, сондай-ақ тоқыма өнеркәсібі мен сән индустриясын дамыту үшін шағын бизнестің маңыздылығы туралы сөз қозғады.

 

Естеріңізге сала кетейік, «Fashion Girls in Business» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ Елшілігінің «Америкалық бұрыштар»” бағдарламасымен серіктестікте жүзеге асыруда.