“Fashion girls in Business” жобасы аяқталуға жақын

Жарияланған күні: 16.06.2021


“Fashion girls in Business” жобасы аяқталуға жақын
17 маусым, сағат 16:00-де “Fashion Girls in Business” әлеуметтік жобасы аясында американдық әдебиет туындыларының желісі бойынша театрлық қойылымға костюмдер тігу бойынша конкурс өтеді. Конкурс “Fashion Girls in Business”жобасының қорытынды іс-шарасы.
Іс-шара аясында АҚШ Елшілігінің мәдениет жөніндегі атташесі Ора Эмбер және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы басқарма төрағасының орынбасары Баян Әбенова қатысады деп күтілуде.
Жобаның 25 қатысушысы дайындаған костюмдер негізінде бес театр қойылымын қарау және бағалау жүзеге асырылады. Қазылар алқасының бағалау қорытындысы бойынша байқау жеңімпаздары бас жүлде алады, ал қалған қатысушыларға жұбаныш сыйлықтары беріледі.
Байқаудың мақсаты-Нұр-сұлтан қаласының колледждерінде тігін ісі және модельдеу мамандықтары бойынша оқитын студент-қыздарының американдық мәдениет пен әдебиет туралы білімдерін кеңейтуге ықпал ету.
Жоба аясында наурыз-мамыр айларында “Бизнес-жоспарлау және сату”, “Маркетинг және коммуникация”, “американдық сән тарихы” тақырыптары бойынша курстар мен тренингтер өткізілді, сондай-ақ Қазақстанның табысты әйелдерінің қатысуымен “Fashion Girls” пікірталас клубының бейресми кездесулері ұйымдастырылды.
Бұл жобаны Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Нұр-сұлтан қаласындағы АҚШ Елшілігінің “Америкалық бұрыштар” бағдарламасымен серіктестікте іске асырып жатқанын еске саламыз.