Жарияланған күні: 04.02.2021
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ елшілігінің «Америка бұрыштарымен» әріптестікте Нұр-Сұлтан қаласы колледждерінде тігін ісі/модельдеу мамандығы бойынша оқитын жас қыздарды «Fashion Girls in Business» жобасына қатысуға шақырады.
Жоба аясында әлеуметтік кәсіпкерлік, маркетинг және сән тарихы бойынша бірқатар тренингтік курстар ұйымдастырылады. Жоба барысында қатысушылар сән, бизнес және маркетинг индустриясының табысты өкілдерімен «Fashion Girls» пікірталас клубы форматында кездесуге және сөйлесуге мүмкіндік алады. Бұл колледждердің жас студенттері үшін өз бизнесін бастау және дамыту үшін өз білімі мен дағдыларын арттыруға, сондай-ақ табысты әйелдердің үлгісінен шабыт алуға тамаша мүмкіндік болып табылады. Аталғандармен қатар қызықты конкурс пен сыйлықтар ұйымдастырылатын болады.
Жоба ағымдағы жылдың наурыз – мамыр айларына жоспарланған. Сондықтан, 2021 жылғы 3 наурызға дейін көрсетілген сілтеме бойынша тіркелуге асығыңыз (егер Сіз оны әлі жасамаған болсаңыз!). Сұрақтар туындаған жағдайда +77172 22-12-44 телефонына хабарласыңыз.
#girlpower #womanempowerment #girlboss #FashionGirlsinBusiness #cisc #nonstatefunding #usembassy #usembassykz #federalgrant #americancornerskz