Еуропа Кеңесінің ПА Төрағасы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының кеңсесінде болып қайтты

Жарияланған күні: 17.11.2021


Бүгін Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының алаңында министр А.Балаева мен Еуропа Кеңесінің Парламенттік ассамблеясының Төрағасы Рик Демстің кездесуі өтті.

Кездесуге сонымен қатар, Старсбургтегі ҚР Бас консулы Әнуарбек Ахметов, ҚР АҚДМ азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма Төрағасы Лима Диас, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ төрағасы Бану Нұрғазиева және Қазақстанның бірқатар үкіметтік емес ұйымының өкілдері қатысты.
Меймандар азаматтар гранттық қаржыландыруға қатысты кеңес ала алатын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы кеңсесінің жұмысымен танысты.
Кездесу барысында Аида Балаева Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясымен диалогты қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанда адам құқықтарын нығайтуға және азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған шараларды іске асыру туралы сөз қозғады.
Рик Дэмс ведомстволар қызметіндегі ортақ жұмыс бағыттары туралы айтып, сонымен бірге ҮЕҰ өкілдерімен азаматтық және саяси құқықтар мәселесін талқылады.
Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылар ынтымақтастық негізінде конструктивті серіктестік бойынша мүдделері ортақ екенін білдірді.
Анықтама үшін:
Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясы (ЕКПС) 1949 жылы құрылған. Штаб-пәтері Страсбургта орналасқан. ЕК министрлер комитетімен қатар негізгі жарғылық органдардың бірі саналады.
ҚР мен ЕКПС арасындағы ынтымақтастық 2004 жылы қол қойылған Келісімге негізінде жүзеге асырылады. Оған сәйкес ҚР Парламент Сенатының делегациясы ЕКПС-тың жалпы және көшпелі сессияларына қатысады.
ҚР-ЕКПС ынтымақтастық туралы Келісімі парламенттік демократия, заң үстемдігі және адам құқықтарын құрметтеу қағидаттарын ілгерілету мақсатында ҚР Парламенті мен Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясы арасындағы саяси диалогты қолдауды көздейді.