Еуразия Қоры АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландыратын «Инновациялық шешімдер» гранттық конкурсына өтінімдер қабылдауды жүзеге асыруда

Жарияланған күні: 21.09.2023


Еуразия Қоры (ЕҚ) Орталық Азиядағы әлеуметтік инновациялар бағдарламасы (SICA) аясында гранттар арқылы қаржыландыруға арналған «Инновациялық шешімдер» байқауын жариялайды. SICA – Еуразия Қорының АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) қаржыландыратын бесжылдық бағдарламасы.

 

Гранттың мақсаты:

  • азаматтық белсенділікті дамытудағы жаңа идеяларға, стратегияларға және/немесе технологияларға, инновациялық тәсілдерге негізделген және Қазақстанның жүйелі және тұрақты дамуына және қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге ықпал ететін жобаларды іске асыру үшін Орталық Азияда белсенді және жауапты азаматтық қоғамды дамыту.

 

Басым бағыттар:

  • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу үшін мемлекеттік бағдарламаларға қоғамдық бақылау жүргізу;
  • Демократиялық құндылықтарды, заң үстемдігін және сөз бостандығын ілгерілету үшін жаңа технологияларды, өнер мен БАҚ-ты қолдану;
  • Азаматтық қоғам ұйымдары немесе бастамашыл топтары арасындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайту.

 

Бір грант үшін қол жетімді жалпы сома: 15 000 АҚШ долларына дейін

 

Гранттар саны: 6-10 жоба

 

Конкурс шарттары:

  • Қазақстанда тіркелген азаматтық қоғам ұйымдары мен бастамашыл топтар өтінім беруге құқылы
  • Өтінімдер мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қабылданады

 

Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі: 2023 жылғы 30 қыркүйек, 23:59-тен (GMT+6) (Алматы уақыты бойынша)

 

Толық ақпаратты келесі сілтемеден табуға болады: https://socialinnovationca.org/kk/nofo/isg-kazakhstan-kz/