ESG: Қайырымдылықтың жаңа бағыты

Жарияланған күні: 31.10.2024


Форумда ESG принциптерінің қайырымдылықтың бет-бейнесін қалай өзгертіп жатқанын талқыладық. Дәстүрлі көмек көрсету моделінен біз проблемаларды түп-тамырымен шешетін тұрақты жүйелер құруға көшудеміз.

Талқылауға қатысушылар:

  • Гульжан Асанова, «Қазақстанның SOS Балалар Ауылдары» корпоративтік қорының ұлттық директоры;
  • Чингиз Шарапиев, «Endowment Qazaqstan Halqyna» корпоративтік қорының директоры;
  • Анар Жумагулова, Zhyly Zhurek foundation корпоративтік қайырымдылық қорының директоры;
  • Қанат Ногойбаев, inDrive компаниясының тұрақты даму саласындағы қоғаммен байланыс жөніндегі басшысы;
  • Ерлік Қаражан, ESGQ рейтинг агенттігінің директоры.

Форум қайырымдылық ұйымдары мен бизнеске қысқа мерзімді мақсаттардан тыс, ұзақ мерзімді тұрақтылық пен әлеуметтік жауапкершілікті ескеретін стратегияларды құруға көмектесетін пікір алмасу және тәжірибе бөлісу алаңы болды.