Жарияланған күні: 17.10.2023
Тренингтің барлық қатысушылары өңірлердегі қауымдастықтарды жұмылдыру және бұдан былай ортақ мәселелерді бірлесе шешуге арналған сарапшылар пулын қалыптастырады деп, хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.
Қазақстанда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп жатқан отбасыларды қолдау жөніндегі өңірлердің әлеуметтік саясатындағы өзгерістердің оң динамикасына қол жеткізу» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жоба аясында «Қорған-М» ҚБ мүгедектігі бар балалардың ата-аналарына арналған тренингтерді өткізді. Оқыту барысында тренингке қатысушылар ашық деректермен жұмыс істеу ерекшеліктерін зерделеп, ұжымдық сұраныстар мен өтініштерді әзірлеу әдістерімен танысты. Сондай-ақ, курс тыңдаушылары мүгедектігі бар балаларды оңалту дағдыларын жетілдіре алды.
«Тренингке еліміздің барлық өңірлерінен ата-аналарды болашақта өз өңірінде осындай курстарды өткізетін, ерекше балалардың ата-аналарын оңалту дағдыларына үйрететін тең жаттықтырушылар пулын қалыптастыру үшін шақырдық. Өйткені, кез-келген диагноз жылдың әртүрлі маусымында өршу түсуі мүмкін. Біздің тренингтер ата-аналарға медицина мамандары жүргізген оңалту нәтижелерін жоғалтпауға, оларды үйде қолдануға көмектеседі.
Сондай – ақ, тренингке қатысушылар кейбір заңнамалық актілерді талқылады, петициялар жазуды, ұжымдық өтініштер, сауалдар беруді үйренді, балаларының өмір сүру сапасын жақсарту мәселелерін одан әрі шешу мәселелерімен мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібімен танысты», – деді жоба жетекшісі Диана Қырғызбаева.
Екі күндік тренинг аяқталған соң тыңдаушыларға оқудан өткені туралы сертификаттар табысталды.
Айта кетейік, «Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп жатқан отбасыларды қолдау жөніндегі өңірлердің әлеуметтік саясатындағы өзгерістердің оң динамикасына қол жеткізу» жобасы келесі жылдың соңында аяқталады.