ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесі мамандарды іздейді

Жарияланған күні: 02.02.2023


Өткен жылы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесімен бірлесіп, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің әлеуетін арттыруға бағытталған оқыту курстарын өткізген болатын.
Азаматтық қоғамды дамыту саласындағы ұзақ мерзімді әріптестік қатынастар шеңберінде ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесі бос жұмыс орындарының ашылғаны туралы хабарлайды.
Ұйымға мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам ұйымдарының әлеуетін жақсарту, сондай-ақ тиісті оқыту бағдарламасын әзірлеу мақсатында бір реттік негізде сарапшылардың/консультанттардың қызметтері қажет.
Толық ақпаратты келесі сілтеме бойынша алуға болады: https://vacancies.osce.org/jobs/expert-consultant-on-diverse-areas-of-expertise-roster-selection-1845