English Access Microscholarship Program шеңберінде Алматыдағы АҚШ Бас консулдығынан грант алуға өтінімдер қабылдануда

Жарияланған күні: 10.07.2023


Алматы қаласындағы АҚШ Бас консулдығы English Access Microscholarship (Access) бағдарламасын ұйымдастыруға және іске асыруға ашық конкурс жариялайды. Сыныптан тыс және интенсивті іс-шаралар арқылы бағдарлама екі жылдық жоба барысында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан 13-15 жастағы дарынды балаларға ағылшын тілін үйренуге мүмкіндіктер жасайды. Бағдарлама қатысушыларға Америка Құрама Штаттарының мәдениеті мен құндылықтарын жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді.

 

Жоба мақсаты:

Ауылдық және қала маңындағы орта мектептердегі экономикалық жағдайы төмен қазақстандық жастардың ағылшын тілін меңгеруін және сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру арқылы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу.

 

Қаржыландыру көлемі (бір грант): $31,000-нан бастап $33,000-ға дейін

Гранттардың күтілетін саны: 1-3

 

Конкурс шарттары:

  • Келесі ұйымдар өтініш беруге құқылы: коммерциялық емес ұйымдар, азаматтық қоғам/үкіметтік емес ұйымдар, талдау орталықтары, қоғамдық халықаралық ұйымдар, мемлекеттік органдар, мемлекеттік оқу орындары және / немесе ағылшын тілін оқытуы қарастырылған, ұқсас жобалар жүзеге асыру артықшылығы бар;
  • Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жоба іске асыру мүмкіндігі бар;
  • Тек қазақстандық ұйымдар ғана өтінім беруге құқылы;
  • Барлық құжаттар ағылшын тілінде дайындалуы керек.

 

Өтініш берудің соңғы мерзімі: 2023 жылдың 27 шілдесіне дейін [Астана уақытымен 23:59]

 

Толық ақпаратты келесі сілтемеден табуға болады: https://kz.usembassy.gov/kk/notice-of-funding-opportunity-english-access-microscholarship-program-access/