«Жас қанат» мектебі

1. Атауы: «Атамұра» салт-дәстүрді қолдау қоғамдық қоры

2. Жоба атауы: «Жас қанат» мектебі

3. Жобаның/идеяның сипаттамасы: «Жас қанат» мектебі жобасы қоғамның әлеуеті қорғалмаған тобын әлеуметтендіруге арналған. Өңірімізде бойларында талант ұшқыны болса да қабілеттерін аша алмай жүрген көп балалы отбасылардың, мүмкіндігі шектеулі отбасылардың дарынды балалары жетім балалар көптеп саналады. Аталған жоба бойынша осы категориядағы 8-9-10 сынып оқушылары қабілеттеріне байланысты үйірмелерге қатысып, болашақ мамандықтарына алғашқы қадам жасайды.Бұл жобада олардың мемлекеттік тілді терең меңгеріп, сөйлеу шеберліктерінің шыңдалуына, қалаған мамандығының алғашқы әліпбиімен танысуларына мүмкіндіктері бар. Осы жоба арқылы қалаған мамандықтарына түсуге, сауатты сөйлеп, ана тілін жоғары деңгейде меңгеріп, кез-келген ортада өздерінің орындарын таба білулеріне жағдайлар жасалады және суицид, бұзақылық сияқты жағдайлардың алдын алу үшін психо-эмоционалдық кабинет жұмысы жүргізіледі. Жоба әлеуметтік осал топтағы балалардың шығармашылық, интелектуалдық дамуына және қолдауына негіз бола алады.

4. Жобаның мақсаты мен міндеттері: Жобаның мақсаты: «Жас қанат» мектебі Атырау қаласындағы және оған іргелес елді- мекендердегі мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан дарынды балалардың интелектуалдық және шығармашылық даму деңгейлерін одан әрі кеңейту мақсатында әлеуметтік осал топтарды біріктіре отырып, ораторлық шеберлікке баулу; Білімдерін, сөйлеу шеберліктерін, қалыптастыру мақсатында ораторлық шеберлік сабақтары арқылы нәтижеге қол жеткізу; Мемлекеттік тілді толық меңгеріп, ана тілдің қадір-қасиетін білу мақсатында «Қазақ тілі» үйірмесін ашу; Өзара пікірсайыс (дебаттық) алаңдарында еркін сөйлеу ерекшеліктерін қалыптастыру; Облыстық БАҚ-ымен бірлесе отырып,теориялық және практикалық іс-тәжірибелерді қолдану; Жасөспірімдер арасында суецид, бұзақылық жасау әрекеттерінің алдын алу мақсатында мектеп ішілік психо-эмоционалдық кабинет жұмысын ашып, өзін-өзі тану сабақтарын жүргізу. Психолог, заң қызметкерлері басқа да арнаулы мамандар жүргізетін бұл дәріс оқушылардың тұйықтан шығар жол табулары үшін өте қажет; Жобаның міндеттері: Ораторлық шеберлік, қазақ тілі үйірмесі, дебаттық үйірмелер жәнепсихо-эмоцианалдық кабинет жұмыстары бойынша әлеуметтік осал топтағы аз қамтылған, көп балалы және мүмкіндігі шектеулі отбасылардың және жетім балалардың 8-9-10 сынып оқушыларына тегін оқу ұйымдастыру; Үйірмедегі оқушылардың одан әрі мамандық таңдауларына ықпал ету.Аталған категориядағы балалардың болашақта қалаған мамандықтарын толық игерулеріне қамқорлық ретінде кәсіпорын- мекемелермен меморандум жасап, демеушілік көмектер ұйымдастыру; Облыс аумағында өтетін дебаттық байқауларға, ораторлық байқауларға және талантын ашатын басқа да байқауларға қатысуды қамтамасыз ету; Қаладағы бұқаралық-ақпарат орталықтарына, ірі компаниялар мен кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға экскурсия ұйымдастырып, мамандық таңдаудың қыр-сырларымен, адамдармен сөйлесу ретімен танысу үшін сол жерде кездесулер ұйымдастыру; Суицид, бұзақылықтың алдын алу,басқа да маңызды мәселелер шешуде психолог мамандардың, заң қызметкерлерінің көмегін қажет ететін психо-эмоционалдық кабинет ашып, әр түрлі сабақтар жүргізу; Осы категориядағы балалардың өз қатарларынан кем емес деңгейде білімді де білікті азамат болып шығуларына жол ашу.

5. Жобаны жүзеге асыру орны: Атырау облысы

6. Жобаны жүзеге асыру мерзімі: 2019-2022 жж.

7. Қажетті сома: 1 500 000 тг.