«Таза қоғам – таза мемлекет»

1. Атауы: «Тұма» Жастар Қоғамдық Бірлестігі

2. Жоба атауы: «Таза қоғам – таза мемлекет»

3. Жобаның/идеяның сипаттамасы: Ауыл жастары мен балаларға арнайы экологиялық білім беруді қолға алу. Экологиялық таза өнімдердің жасалу жолдарын деректі фильмдермен және тәжірибемен көрсету арқылы жас ұрпақты бір жағынан білімге, дағдыға және тазалыққа шақыру. Ауыл шаруашылығындағы экологиялық таза өнімдерді насихаттау арқылы Елбасының бастамасын қолдау және насихаттау.

4. Жобаның мақсаты мен міндеттері: Баянауыл ауданындағы ауыл жастарына экологиялық білім беру, экологиялық акциялар ұйымдастыру және ауыл шаруашылық өнімдерін насихаттау. Скауттық балалар жасағын жасақтау. Бірлік ауылында ауыл балаларымен бірге эколгиялық акциялар ұйымдастыратын боламыз. Ол үшін біз тал егу, гүл қондыру жұмыстарын қолға аламыз. Әлемдік деңгейдегі скауттық қозғалыстар бойынша деректі фильмдер көріп, балалар арасында скауттық ұйым құрамыз. Ол ұйымдар экологиялық акцияларды іске асыруда негізгі күш болмақ. Құстарға ұя жасау сынды табиғатқа пайдасы мол көптеген акцияларды іске асырады. Бұл Елбасының 2019 жылғы жолдауында айтылған басты бағыттың бірі еді. Сонымен бірге таза эколгиялық өнімдерді, яғни құрт жасау, қымыз пісу, май өндіру, ет өндірісн қолға алуды тәжірибе негізінде ауыл жастарына көрсетеміз.

5. Жобаны жүзеге асыру орны: Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Бірлік ауылы.

6. Жобаны жүзеге асыру мерзімі: Шілде – қазан

7. Қажетті сома: 2 800 000 теңге