«Шағын футбол – мектепте» – оқушылар арасында шағын футболдан мектеп лигасы

Атауы: «Тағылым» Жастар қоғамдық бірлестігі

Пошта индексі: 130006

Облыс: Маңғыстау облысы

Елді мекен: Мұнайлы ауданы, Қызыл төбе 2

Көше, үй номері: 1739 үй

Телефон (жұм. және моб.): +77782983838

E-mail: s.o.askar@mail.ru

Ұйымның тіркелу күні мен жері: 12 ақпан 2013 жыл, Маңғыстау облысы, Әділет департаменті

Ұйым жетекшісінің аты-жөні: Сагитжанов Асқар Оразалыұлы

  • Жоба бойынша ақпарат

Жоба атауы:«Шағын футбол – мектепте» – оқушылар арасында шағын футболдан мектеп лигасы.

Проблеманың сипаттамасы:

1.Маңғыстау облысындағы денсаулық сақтау саласында халық арасында, соның ішінде жастардың ортасында түрлі аурулардың пайда болуы, балалар иммунитетінің әлсіздігі, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау мен жүзеге асырудың төмен деңгейі;

2.Ауылдық мектептерде оқушыларды сыныптан тыс шаралар мен олардың белсенділігін арттыруға бағытталған ауқымды жобалардың болмауы;

3.Мектеп жасындағы жеткіншектердің заң бұзушылық әрекеттерінің күн санап артып отыруы;

4.Балалардың өзін бағалайтын және бәсекеге түсе алатын ортаның аздығы;

5.Оқушылардың арасында суицидке баратындардың санының өсуі.

Жоба мақсаты:Жоғарыда аталған проблемаларды негізге ала отырып, ауыл және қала мектебі оқушылар арасында «Шағын футболдан – мектеп лигасын» қалыптастырып, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттап қана қоймай, оны біргелікте жүзеге асыру. Сыныптан тыс шаралардың сапасын осы турнир арқылы арттыру. Спорт арқылы жеткіншектердің арасында болатын қылмастардың санын азайтуға үлес қосу. Футбол арқылы оқушылардың өзін көрсетуге және көптің алдын тұлға екенін дәлелдеуге мүмкіндік беру.

Ескерту: «Тағылым» жастар қоғамдық бірлестігінің бастамасымен ссы жоба пилоттық бағдарлама ретінде Мұнайлы ауданында бастау алып жатыр.

Күтілетін нәтиже: Шағын футболдан мектеп лигасының 1 маусымы кемінде 2 айға созылатын болады. 1 жылда күзгі және көктем маусымы болып 2 маусымға бөлінеді. Осы бір жыл ішінде 500-1000 оқушылар шағын футбол ойындарына тартылады. Оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарының сапасы артып, бәсекелестік ортасы қалыптасады. Жоба салауатты өмір салтын тек қана насихатталып қоймай, іс жүзінде мыңдаған баланың белсенді өмір сүруіне ықпал жасайды. Үздік деп танылған және көзге түскен ойыншыларды кәсіби футбол клубтарының скауттарына таныстыруға мүмкіндік туады.

Қажет сома: 5 миллион теңге.

Жобаны жүзеге асыру жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы және Мұнайлы ауданы.

Жобаны жүзеге асыру уақыты: 1 қаңтар – 31 желтоқсан 2018 жыл. (толық бір жыл)