menu
facebook Instagram telegram
Call Center: 8 800 080 77 50
glasses Version for the visually impaired
  KZ  RU

«Үміт» жаттығуорталығы

1. Атауы: «Ер Жүректілер» қоғамдық қоры

2. Жоба атауы: «Үміт» жаттығуорталығы

3. Жобаның/идеяның сипаттамасы: 2018 жылы ТШО компаниясының қолдауымен Жарқыра бағдарламасы (1 360 000 мың қайтарымсыз грант), «Самрұқ Қазына Траст» әлеуметтік даму қорының (500 000 тг. грант) гранттарына ие болып, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Атырау облысы Махамбет ауданынан «Ер жүректілер» спорт клубы ашылды. Спорт клубта 45 мүмкіндігі шектеулі жандар спорттың 4 түрі (үстел теннисі, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ) бойынша ақысыз негізде жаттығу үстінде. Бұдан өзге мектеп жасындағы балаларға, жасөспірімге, спортқа қызығушылығы бар ересектерге арнап ақылы негізде қызмет көрсететін спорт түрлері де бар. Олар: шахмат, дойбы, үстел теннисі, тоғызқұмалақ. «Ер жүректілер» спорт клубы Махамбет ауданында орналасқан. Қазіргі таңда Махамбет ауданынан 30 шаршы метр ғимаратты жалға алып, өз жұмысын атқаруда. Жұмыспен қамту орталығы жанынан 2 мүмкіндігі шектеулі жандыжұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Мүмкіндігі шектеулі балалары бар ата-аналардың сұранысы бойынша аудан орталығынан «Ер жүректілер» спорт клубы жанынан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Үміт» жаттығу орталығын ашу. Махамбет ауданында 1036 мүмкіндігі шектеулі адам бар. Соның 62 % осы орталықтың ашылуын қажет етіп отыр. Швед қабырғасы, реабилитациялық баспалдақ, жаттығу белдігі, жаттығу велигі, ходунок, вертикализатор және т.б. құралдарды сатып алу арқылы мүмкіндігі шектеулі жандарға аяқтарынан тұруға мүмкіндік бергіміз келеді.

4. Жобаның мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі адамдарды ақысыз негізде жаттықтыру арқылы аяқтарынан тұрғызу, мүгедектер арасындағы байланыстарды нығайту, мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамдық ортаға қосу, жұмыспен қамтамасыз ету.

5. Жобаны жүзеге асыру орны: Атырау облысы, Махамбет ауданы

6. Жобаны жүзеге асыру мерзімі:Жоба тұрақты, 2019 жылдың тамыз айынан басталады.

7. Қажетті сома: 2 млн. 700 мың теңге

Views of material: 326