“Мүмкіншілігі шектеулі жандарды оқытудың компьютерлік технологиясы” атты жоба

1. Атауы: «Жарқын жүрек» Қазақ мүгедектер қоғамы» Қоғамдық бірлестігі

2. Жоба атауы: “Мүмкіншілігі шектеулі жандарды оқытудың компьютерлік технологиясы” атты жоба

3. Жобаның/идеяның сипаттамасы: Жобаның алдымен техникалық-материалдық жағдайы орындалады. Қажетті жабдықтармен қамтасасыз етіледі, курс оқыту ғимараты мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қол жетімді болып дайындалады. Курс материалы дайындалынады,қатысушыларды іріктеу критерийлерін дайындайды, 3 айға дейін оқытудың жұмыс бағдарламасын дайындайды, екінші топ келесі 3 айда білім алуға мүмкіндік алады, біліміне, дағдыларына, шеберлігіне тәуелсіз бағалау жүргізу үшін тест бағдарламаларын әзірлейді. Оқу бағдарламасы: Көркем-компьютерлік технология негізінен кескіндеме, сурет, сәндік-қолданбалы өнер, көркем және кітап графикасы, мүсін және т.б графикалық кескіндемелер ”Adobe photo shop”, ” corel Draw” сияқты бағдарламаларды үйренеді. Иллюстративті-компьютерлік технология – белгілі бір ақпаратты (текст, аудио жазбалар және т.б.) көруге бағытталады немесе оқуға көмекші құрал ретінде пайдаланылады. Компьютерлік технологияның бұл түрі арқылы білім алушы бағдарламаны үйренеді және мультимедиа технологиясының көмегімен кез-келген пәндегі ақпараттарды алып қарауға мүмкіндік алады. Иллюстративті компьютерлік технология, сондай-ақ ғылыми ізденістердің нәтижелері мен графикалық мазмұнда жиі қолданылады. Іс-құжаттық компьютерлік технология офистік тапсырмаларды шешуде: графиктер мен диаграммалар құрастыру, кесте таблицаларды көркемдеу және т.б. құжаттарды өңдеуге графикалық көркемдеу, факстарды, фирмалық стиль жасау және т.б. қолданылады.

Функционалдық міндеттерді атқаруда үш жүйе бөліктері қызмет атқарады: бағдарламамен қамтамасыз ету, ақпаратпен және техникамен қамтамасыз ету.

  1. Жұмыста стандарттық бағдарламаларды пайдалану
  2. Бір уақытта бірнеше бағдарламалармен жұмыс істеу, бірнеше терезеден өз-ара іс-қимылды жүзеге асыру
  3. Windows XP анықтамалық жүйесін пайдалану
  4. Файлдар мен папкаларды құру, жою, орнына келтіру, басқа ат беру
  5. Компьютерді ақпаратты іздеуді жүзеге асырады
  6. Құрылған объектілерді көшіру және орналастыру
  7. Paint, Power Point графикалық редактордың көмегімен бояулы суретті құрады
  8. Дискілерде ақпаратты сақтайды
  9. Жиі пайдаланылатын файлдар үшін ярлыктарды құрады
  10. Ақпаратты мұрағаттау және мұрағаттарды орнына келтіреді Жергілікті желіде жұмыс істеу
  11. Желіге қосылған ДК ресурстарына қол жеткізуді реттеу Жергілікті желіде электрондық поштаны еркін пайдалану Word бағдарламасының көмегімен құжаттарды құру
  12. Суреттердің, рамалардың, құю және түрінің және WordArt объектілерінің көмегімен құжаттарды әдемі рәсімдеу
  13. Құжаттарда кестені құру және рәсімдеу
  14. Колонтитулдардың көмегімен басып шығарылатын құжаттарды рәсімдеу
  15. Құжаттарды қағазға басып шығару
  16. Excel бағдарламасының көмегімен электрондық кестені құру
  17. Кестені деректерімен тез толтыру
  18. Формулалардың көмегімен есептерді тиімді жүргізу
  19. Деректерді өсу, кему және алфавит бойынша іріктеу
  20. Кестенің негізінде графиктер мен диаграммаларды құру Кестені әдемі рәсімдеу, колонтитулды қосу және қағазға басып шығару
  21. Power Point бағдарламасының көмегімен презентацияны құру және демонстрациялау
  22. Internet Explorer браузерін тиімді пайдалану. Электрондық поштамен кәсіптік жұмыс істеу, пошталық клиенттің жәнеWeb-поштаның жұмыстарының қағидаттарын, негізгі айырмасы мен ерекшелігін білу әр-түрлі іздеу жүйелерінің сұранымдарының тілін сауатты пайдалану.

Бұл жобаға төрт адам қатысады. Үш адам – мастер-тренер, бір адам-пиар менеджер. Бірінші жобаның лидерінің негізгі міндеті- жоба бойынша барлық жабдықтар мен ғимаратты азірлеу, жоба бойынша туындаған барлық мәселелерді шешу, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың ішіндегі зағип және нашар көретін адамдарға компьютерлік сауаттандыру қысқа мерзімді курс оқыту. Компьютерді арнайы дыбысталған бағдарлама бойынша үйрету, Брайл дисплейі (клавиатура) бойынша үйрету, барлық бағдарламалар бойынша мақсатты топтың білім алуына жағдай жасау. Бұл жоба бойынша зағип және нашар көретін адамдарға жеке мастер-тренер қарастырылып отыр. Екінші және үшінші мастер-тренер басқа мүмкіндіктері шектеулі адамдарды орыс және қазақ тілінде компьютерлік сауаттандыру бойынша білім алуына жағдай жасайды. Төртінші адам- пиар менеджер міндеті – қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс бойынша жұмысты ұйымдастырады. Жобаның мақсатты топтарын анықтайды, жарнама жасау арқылы, қоғамдық ұйымдармен байланыс орната отырып оқуға ниет білдірген барлық мүмкіндіктері шектеулі адамдармен байланыс орнатып, олардың қай уақытта оқуына мүмкіндігі бар екенін анықтап үш адамнан аспайтын шағын топтар құрып, мақсатты топтың оқу кестесін жасап, бекіту. барлық жүзеге асырылатын шарларды әлеуметтік желілерге салу, оқу барысын, оқудағы жетістіктермен бөлісу. Әр мақсатты топ мүшелеріне анкета бастау, сауалнама жүргізу. Қысқа курс аяғына жеткенде мүмкіндіктері шектеулі адамдар өміріндегі өзгерістермен бөлісу. Жоба екі мерзімге үш айлық курс ретінде өткізіледі. Курс соңында ар мақсатты топтың резюмелері жасалынып, жұмыспен қамту орталығына жіберіледі.

4. Жобаның мақсаты мен міндеттері: Жобаның мақсаты – мүмкіншілігі шектеулі жандарды компьютерлік технологияға үйрету, мүмкіншілігі шектеулі жандарды көп салада дамыту, қоғамда ақпараттандыру жағдайына дайындау, мүмкіншілігі шектеулі жандарды жұмыс жасай алатын даярлығын жүзеге асыру,компьютерде толығымен жұмыс істеуді үйрету және кәсіби деңгейге жетуге көмектесу. Үйрету барысында жаңа ақпараттық және оқыту технологиялары қолданылады. Жоба Алматы қаласы бойынша, жалпы Қазақстан бойынша ең өзекті мәселе болып отырған мүмкіншілігі шектеулі жандарды жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді, себебі қазіргі ақпараттандырылған заманда ғылыми-техникалық прогресті жылдамдатып, өндірісті автоматтандыру мен күшейтудің, жоспарлау мен басқаруды жетілдірудің аса маңызды факторының бірі болып – компьютерлік технологияны пайдалану саналады. Бұл жоба кәсіптік және құзырлылық деңгейі жоғары, ақпараттандырудың қарқынды даму жағдайына тез бейімделе білетін, кездескен проблемалардың шешімін өздігінен дербес жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыру қажеттілігінен туындады. Бұл жобаның ерекшелігі – мүмкіндіктері шектеулі адамдарды компьютерді қолданушы деңгейінде ғана игеру емес, олардың ішінен ақпараттық технология саласында кәсіби жұмыс жасай алатын адамдарды таңдау және олардың осы жұмысқа керекті кәсіби қасиеттерін дамыту.Жобаның басты міндеті – мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қоғамда өздерінің орындарын табуға, тұрмыстық деңгейлерін дамытуға қолдау жасау.

5. Жобаны жүзеге асыру орны: Алматы қаласы

6. Жобаны жүзеге асыру мерзімі: 7 ай

7. Қажетті сома: 2 300 000 тенге