Азаматтық бақылау – бұл өзін-өзі басқарудың алғашқы қадамы

Азаматтық бақылау азаматтық қоғамның азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзуына жол бермеу мақсатында мемлекеттік органдардың қызметіне бақылау жасау болып табылады. Бұл – азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына жауапты бақылау.

Қазақстан қазіргі әлеуметтік-экономикалық және құқықтық, демократиялық және нарықтық мемлекеттің дамуы тұрғысынан азаматтық бақылау мәселесіне көп көңіл бөлуде. Азаматтық бақылау саласы мемлекеттік және әкімшілік органдарға ғана емес, сондай-ақ қоғамдық өмірдің көптеген салаларына: діни, медициналық, білім беру жүйесі және т.б. қамту керек.

Азаматтардың құқығын қорғау мәселесі де бұдан тысқары емес. Азаматтық бақылаудың бір көрінісі ретінде Жамбыл облысында орын алған қылмыстық оқиғаға сол өңір халқы бей-жай қарамай, қаршадай қызды өлтірген қылмыскерді табуды талап етіп отыр. Бүгінгі таңда оқиғаға қатысты күдікті ұсталып, өз кінәсін мойындаған. Биліктің қызметіне азаматтық бақылау неғұрлым көп болса, онда билік халыққа қызмет ете алады, өйткені азаматтық бақылау биліктің қоғамдық мүддені сақтауына кепілдік беретінінің бірден бір көрінісі.

Азаматтық бақылау – бұл өзін-өзі басқарудың алғашқы қадамы дей келе, осы тұрғыда “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ басқарма төрағасы Батима Мукина әлем елдері практикасында азаматтық бақылаудың қалай жүзеге асырылатынан бірқатар мәлімет берді.

“Әрбір мемлекет басқарудың әртүрлі деңгейлерінде және әр түрлі мақсаттар үшін қоғамдық бақылау институттарын енгізеді. Мысалы, Қытай және көптеген Араб монархиялары қоғамдық бақылау элементтерін селолар мен шағын қалалар деңгейінде енгізеді. Малайзия мен Сингапурда қоғамдық бақылау институттары қоғамдық пікірдің есебін жүргізеді, азаматтардың көңіл – күйін қадағалайды және олардың тілектерін назарға алады. Бірқатар Еуропа елдерінде (АҚШ, Еуропа елдері) қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету шеңберінде ақпаратқа қол жеткізудің, мемлекеттік органдар жанындағы коммерциялық емес ұйымдар, кеңестер, комитеттер тарапынан бақылаудың нормативтік – құқықтық актілерін қабылдайды”, –дейді Батима Мукина.

Басқарма төрағасының айтуынша, ұйымның Грант жоспарының Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу атты оныншы бағытына сәйкес 2019 жылғы наурыз-қараша аралығында Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру бойынша “Азаматтық бақылау” қоғамдық мониторингін жүргізу тақырыбында іске асырылады.

“Біз өз бағытымызда азаматтық бақылауға ерекше мән береміз. Сондықтанда халықтың, әсіресе Гранттық конкурсқа қатысатын ҮЕҰ өкілдерінің керекті кеңесті өздеріне ыңғайлы жағдайда алу мақсатында гранттық қаржыландыру мәселелері бойынша бірыңғай Call- Сenter (8 800 080 77 50) жұмыс атқарады”, – дейді Батима Қуанышқызы.

Оның айтуынша, азаматтар Үкіметте, өңірді, елді басқаруда не болып жатқанын көбірек түсінгісі келеді.

Жаңалықтар көзі: https://abai.kz/post/89974