Ұлттық ойындар – Ұлтымыздың құнды мұрасы

1. Атауы:«Тұма» Жастар Қоғамдық Бірлестігі

2. Жоба атауы: Ұлттық ойындар -Ұлтымыздың құнды мұрасы

3. Жобаның/идеяның сипаттамасы: Салауатты өмір салтын насихаттау және ұлттық спортты дәріптеу. Ұлттық спорт пен салауатты өмір салтын насихаттай отырып, ауылдағы дұрыс емес жолға түскен (ішімдік, темекі, т.б мәселелер) жастарды спортқа бағыттау.Ат спорт түрлерінен түрлі жарыстар өткізу арқылы ауыл жастарына, өсіп келе жатқан бүлдіршіндерге ұлттық ойындарды жарнамалау.

4. Жобаның мақсаты мен міндеттері: Баянауыл ауданының ұлттық спортын жандандыру. Көкпар ойын түрінен құрама команда жасақтау. Бірлік ауылында көкпар,теңге ілу, аударыспақтан жастарды қызықтыру мақсатында аудандық жарыс ұйымдастыру. Ауыл жастарының бос уақытын тиімді және сапалы өткізуге атсалысу. Осы өткізілген іс-шараларды бейне роликке түсріп, әлеуметтік желілерге тарату. Жастарды жігерлендіру мақсатында ұлттық ат спорт түрінен жетістікке жеткен тұлғамен ауыл жастарын кездестіру.

5. Жобаны жүзеге асыру орны: Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Бірлік ауылы.

6. Жобаны жүзеге асыру мерзімі: Шілде – қазан

7. Қажетті сома: 2 млн. тенге

Documents