Жарияланған күні: 16.05.2022
Жануарларға арналған үйшіктер «Birgemiz: Ayala» әлеуметтік жобасын іске асыру аясында пайда болды. Мұндай жұмыцстарды еріктілер еліміздің әртүрлі қалаларындағы жануарларға арналған бірнеше орында жүргізеді, деп
Елордада «Green help» қоғамдық бірлестігінің волонтерлері Ұлттық волонтерлік желімен бірлесіп, жануарларға арналған «Балто» үйінде бірнеше акция өткізді.
Жастар мекеме аумағын тазалады, жануарларды серуендеуге көмектесті, сондай-ақ, ескі қоршауларды бөлшектеп, жаңасын салды.
«Жобаның барлық волонтерлік бастамалары жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған. Қоғам белсенділері волонтерлерді оқытып, жануарларды қорғауға арналған ұйымдарға көмектеседі, жалпы зооволонтерлық бағытты дамытады, жыл соңына дейін волонтерлік бастамаларды іске асыру мақсатына конкурстық негізде 30 шағын грант ұсынады», – дейді АБҚО жобаларды басқару департаментінің бас менеджері Салтанат Шамшадинова.
«Балто» еріктілер көмек көрсететін жалғыз ұйым емес. Қоғам белсенділері Петропавлда иесіз қалған жануарларға арнайы қызметтің жұмысын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, жоба ұйымдастырушылары еріктілерді оқыту қорытындысы бойынша мұндай қызметтердің Алматы мен Шымкент қалаларында да жұмыс істейтініне сенімді.
«Жануарлар қаржылай көмекке ғана емес, моралдық тұрғыда да қолдауға мұқтаж. Мамыр айының басында волонтерлермен бірлесіп, «Балто» жануарлар үйінің аумағын жинадық, ал бүгін біз иттерге жаңа қоршауларды салдық. Еріктілік бос уақытының бір бөлігін қандай да бір игі іске арнай отырып, тұлға ретінде дамуыңа әрдайым ықпал етеді деп ойлаймын», – дейді Ұлттық волонтерлік желінің жобалық менеджері Дархан Сұлтан.
Әлеуметтік жоба аясында қоғам белсенділері жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру саласында еріктілердің қатысуын кеңейтуді жоспарлап отыр. «Birgemiz: Ayala» жобасына 2 мыңға жуық ерікті тартылады ьдеп күтілуде.