1 мамыр экологиялық проблемаларға және оларды өнер арқылы көрсетуге арналған мектеп оқушыларының республикалық байқауына өтінімдерді қабылдау басталады

Жарияланған күні: 30.04.2024


Үздік жұмыстар 2024 жылы 1-2 маусымда Астанада өтетін «Aiala» арт-эко-фестивалінде көпшіліктің назарына ұсынылады.

Байқауға Қазақстанның барлық аймақтарынан, соның ішінде ауылдық және шалғай елді мекендерде оқитын 8, 9 және 10 сынып оқушылары қатыса алады. Белсенді, креативті және қоршаған орта мәселелеріне аса қызығушылықпен қарайтын жасөспірімдер 6 категория бойынша сайысқа түседі:

✓ Beınele – бейнелеу өнері (фото, кескіндеме);

✓ Árle – перфоманс (мүсін және инсталляция);

✓ Qara – видеомейкинг(фильмдер, роликтер);

✓ Sezin – арт перфоманс (театр, көше қойылымдары, флешмобтар);

✓ Sóıle – музыка және поэзия (әндер, өлеңдер);

✓ Órnekte – сәндік-қолданбалы өнер (матадан жасалған бұйымдар, керамика).

Байқаудың мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің экологиялық тақырыптағы үздік шығармашылық бастамаларын іздеу және қолдау. Балаларға шығармашылық сала жетекшілерінен тәлімгерлік алуға және республикалық алаңдарда өз идеяларын ұсынуға мүмкіндік беріледі.

 Өтініштер 17 мамырға дейін қабылданады. Қатысуға өтінімді http://aiala-fest.kz сайтында беруге болады.

 «Aiala» арт-эко-фестивалінің ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ.

«Aiala» арт-экофестивалінің Бас демеушісі «Халық» Қайырымдылық қоры.