Жарияланған күні: 09.12.2022
2022 жылдың сәуір айында Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында 15 үкіметтік емес ұйым «Ecobatys» экологиялық бастамасы аясында «Шелл Қазақстан» компаниясы мен Азаматтық бастамаларды қолдау Орталығының қолдауымен 4 млн теңгеден грант ұтып алды. «Ecobatys» бастамасына «Шелл Қазақстан» компаниясы 60 млн теңге бөлді. Сондай-ақ, аталған үш облыста Каспий итбалығын сақтау, Жайық өзеніндегі эко бассейнді сақтау және көгалдандыру, ауылдар мен қалалардағы өзен жағажайларын қоқыстан тазарту бойынша экологиялық жобалар жүзеге асырылды. «EcoBatys» бастамасын іске асыру қорытындысы бойынша үш облыста 80 мыңға жуық қазақстандық оқудан өтті. Осындай нәтижелі жобаға қаржылай демеу көрсеткен «Шелл Қазақстан» компаниясы ҮЕҰ-дың экологиялық бастамаларын қолдауды әрі қарай жалғастырып, «Ecobatys2.0» жобасы аясында жаңа гранттарды бөлмек.
«EcoBatys» экологиялық бастамасын жүзеге асырудың қорытындыларына арналған онлайн брифинг барысында «Шелл Қазақстан» компаниясының корпоративтік байланыстар жөніндегі департаментінің басшысы Айгүл Барменқұлова мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрағасы Ғалым Құрман ауқымды жобаның бірлесе жасалған жұмыстың нәтижесі болғанын атап өтті.
– Өткен жылы Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуі туралы көп айтылған болатын. Бұл Қазақстанның өзін әлеуметтік жауапты мемлекет ретінде алдына қойған мақсаты. Әрине, бұл міндет ел мен бизнес үшін өте маңызды, бірақ азаматтық қоғамның қатысуынсыз, халықтың өзіндік санасын өзгертпестен оны орындау өте қиын болады. «Шелл Қазақстан» компаниясы – Қазақстандағы ең ірі инвесторлардың бірі, біздің еліміздің батысындағы Қашаған, Қарашығанақ және КҚК кен орындарында мұнай-газ саласындағы өз жобаларымыз бар. Әрине, біз республикамыз үшін сенімді серіктес болғымыз келеді. Жұмыс істейтін өңірлерде әлеуметтік жауапты инвестор болғымыз келеді. Компания Қазақстан экономикасын дамытуға енгізетін тікелей инвестициялардан басқа, біз әлеуметтік жобалардың тұтас портфелін де іске асырамыз. Жобалардың бұл тізбесін біз әрқашан адамдарды толғандыратын проблемалық мәселелерге, мемлекет пен қоғам алдына қоятын мақсаттар мен міндеттерге сүйене отырып қалыптастырамыз. «Шелл Қазақстан» компаниясының негізгі мақсаты – көміртегі бейтараптығына қол жеткізу. Себебі ол жаһандық стратегияда өте үлкен резонанс тудырады. Біздің алдымызда бірнеше міндеттер бар, олардың арасында ең маңыздылары – ол табиғатты сақтау, бұл биоалуантүрлілікке де қатысты, су ресурстарын сақтау және ауаның тазалығы, жасыл экономика. Сондықтан біздің батыс өңірлерде экологиялық бастамаларды іске асыру жөніндегі жобаның бастамашысы болуымыз кездейсоқ емес. Біздің экологиялық мәселелерді шешудегі жауапкершілігіміз өте үлкен. Сондықтан «EcoBatys» жобасы дүниеге келді деп айта аламыз, – деді Айгүл Барменқұлова. «EcoBatys» экологиялық бастамасын іске асыру барысында Қазақстанның үш өңірінде – Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында ҮЕҰ арасында экология бойынша жобаларға байқау жарияланды, оның нәтижелері бойынша 2022 жылғы сәуірде 15 үкіметтік емес ұйым таңдалды. Әрбір үкіметтік емес ұйым өз жобаларына «Шелл Қазақстан» компаниясынан 4 миллион теңгеден грант ұтып алды. Жобалардың операторы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы болды. «EcoBatys» жобасы аясында ҮЕҰ мүшелері экологиялық білім беру мен ағартуға, көгалдандыруға, өңірлердің су ресурстарын тазартуға, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинауға, кәдеге жаратуға және қайта өңдеуге бағытталған 15 эко-жобаны іске асыра алды.
– «EcoBatys» бастамасын іске асыру қорытындысы бойынша үш облыста өңірлердің мыңдаған тұрғындары экологиялық акциялар, тренингтер, жарыстар, жаппай сенбіліктерді қоса алғанда, 170 іс-шараға қатысты. Қоғамдық ұйымдар өз іс-шараларына қатысқан балалармен ересектер арасында өзара іс-қимыл жасай отырып, экология тақырыбында 30-дан астам бейнеролик дайындады. Үш өңірде жасыл желектерді отырғызу бойынша ауқымды акциялар өткізілді, эко-акциялар нәтижесінде 1000-нан астам ағаш пен 500 көпжылдық гүл отырғызылды. Сонымен қатар, қалдықтарды бөлек жинаудың 10-нан астам орны ұйымдастырылды, сондай-ақ 200-ден астам адам қатысқан ауқымды ғылыми-практикалық конференциялар өткізілді. Ақтауда ҮЕҰ 1300-ден астам қатысушыны жинаған эко-хакатон өткізді. Орлы ауылында ботаника және биология сабақтарын өткізу үшін жылыжай салынды. Мен «Шелл Қазақстан» компаниясына біздің орталыққа көрсеткен сенімі үшін, «EcoBatys» бастамасын іске асыруда бізді өз серіктестері етіп таңдағаны үшін зор алғысымды білдіргім келеді, – деді Ғалым Құрман.
Атырау облысындағы грант алушылардың бірі – «Құрманғазы туған жер» ҚБ басшысы Азамат Абдуллаев Атырау облысы Құрманғазы ауданы Орлы ауылындағы мектеп жанына жылыжай орнату жобасы туралы айтып берді. Ол мектеп оқушылары мен ауыл мектебінің мұғалімдері өткізетін ботаника және биология сабақтарына қуана-қуана қатысып, өсімдіктерге күтім жасау бойынша шеберлік сабақтарына қатысуға ынталы екенін айтты, бұл тек практикалық пайда әкеліп қана қоймай, сонымен қатар балалардың экологиялық сауаттылығын арттыруға септігін тигізеді. Жылыжайда көкөністер отырғызылып, мұндағы сабақтарда жоғары сынып оқушылары көкөністердің әртүрлі түрлеріне күтім жасау дағдыларына, оларды суару әдістеріне қатысты біліктілігін арттырады.
«Біздің Жайық – Наш Урал» экологиялық-туристік қозғалысы» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырған жоба Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау және өңір тұрғындарының эко-білімін арттыру мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудартуға, олардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған.
– Біздің қоғамдық бірлестігіміздің басты мақсаты – қоғам мен биліктің назарын қоршаған орта проблемаларына, өлкеміздің және Жайық өзенінің экологиясын сақтау мәселелеріне аудару. Осы мақсатқа жету үшін біз облыс орталығында да, облыс аудандарындағы ауылдарда да балалар, жастар, еңбек ұжымдары арасында бірқатар іс – шаралар өткіздік, – деді Сәуле Зағидулина. – Біз табиғатқа ұқыпты қарауды тәрбиелеуді мектеп жасынан бастау керек деп санаймыз. Сондықтан, жаз мезгілінде біз жыл сайын балалар мен олардың ата-аналары арасында Оралды қоршап тұрған өзен жағалауларын тазарту бойынша жаппай сенбіліктерді ұйымдастырамыз. «Шелл Қазақстан» компаниясының және Азаматтық бастамалар орталығының қолдауымен осы жазда біз балалар жазғы лагерьлерінде және туризм орталығында бірқатар экологиялық квесттерді, эко-сабақтарды өткіздік. «Біздің Жайық-Наш Урал» экологиялық-туристік қозғалысы» қоғамдық бірлестігі аудандарға барып, 350-ден астам баланы экологиялық шаралармен қамти алды. Орал қаласының 1000-ға жуық адам жұмыс істейтін 7 ірі кәсіпорнында экология бұрыштары ұйымдастырылды. Экологтармен, орманшылардың, өрт сөндірушілердің қатысуымен апаттық жағдайлардың алдын алу ережелері айнасын тапқан жадынамалар жасалды. Осы жылы жазда Орал қаласы маңындағы ормандарда өрт саны бірнеше есеге азайған. Мұндай нәтижеге қол жеткізуге біздің де үлес қосқанымыз қуантады, – деп түйіндеді сөзін ол.
«Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы» қоры «EcoBatys» жобасы шеңберінде «Маңғыстау облысының тұрғындарын Каспий итбалығын сақтау бойынша тұрғындарды хабардар ету» тақырыбындағы жобаны іске асырды. Қор басшысы Әділхан Тойбасаров өзі басқаратын орталық 3 жыл бұрын құрылғанын және қазір де табысты жұмыс істеп тұрғанын айтты.
– «EcoBatys» жобасы біздің орталықтың жұмысына көп көмектесті. Біз көптеген іс-шараларды өткізе алдық. Каспий итбалығы мен оның тіршілік ету ортасы туралы бірқатар бейнероликтер, баннерлер жасалды. Еліміздің Президенті балаларды табиғатқа ұқыпты қарауды мектептен бастау керек дейді. 8-10 сынып оқушыларына арналған екі офлайн сабақ өткізілді, онда балаларды осы ерекше жануармен таныстырдық. Біздің орталық «Мұнай-газ кен орындарын игеру жағдайында Каспий теңізінің экожүйесін сақтау мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференцияны да ұйымдастырды, оған Маңғыстау облысының әкімі, ғалымдар, экология департаментінің, ҮЕҰ, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Ақтау қаласының әртүрлі бөліктерінде магистральдық көшелер мен жолдардың бойында Каспий итбалығын құтқаруға арналған билбордтар және жағажайларда тақтайшалар орнатылды. Біз Каспий итбалығы мен оның күшіктерін емдеу және оңалту бойынша бірқатар брошюралар шығардық. Жобаның арқасында біз танымал бола бастадық – әлеуметтік желілерде біздің парақшаларға жазылғандардың саны 20%-ға өсті. Адамдарды Каспий итбалықтарының тағдыры қызықтырады. Олар бұл ерекше жануарды сақтау керек екендігін енді ғана түсіне бастады. «EcoBatys» жобасының ұйымдастырушыларына әлемді жақсырақ және мейірімді етуге ат салысқаны үшін алғыс айтамын, – деді Әділхан Тойбасаров.
– Мен барлық ҮЕҰ-ға белсенділігі, қызықты жобалары, өңірлердің экологиясын жақсартуға деген ынтасы үшін алғыс айтқым келеді. Бұл нәтижелерді көру өте қуанышты. 80 мың қазақстандық біздің ҮЕҰ-ң экологиялық бастамаларына тартылды, бұл халықтың өзін-өзі тануына, өсуіне міндетті түрде ықпал ететін болады. Біз бұл жұмыстан шабыт алдық. Біздің мақсатымыз бір, ол – еліміздің экологиясын сақтау. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығына серіктестік үшін алғыс айтқым келеді.
Біз пилоттық жобаны 2022 жылы іске қосып, жобаның жемісті іске асырылғандығына де көз жеткіздік. Өңірлердегі қоғамдық ұйымдарымыздың экологиялық бастамаларын іске асыру қорытындысы бойынша біз 2023 жылы «EcoBatys2.0» атты жобамызды жалғастыру туралы шешім қабылдадық, – деп хабарлады Айгүл Барменқұлова. – Келесі жылы жоба саны қысқарып, оларға бөлінетін қаражат көлемі ұлғаяды.
«Шелл Қазақстан» компаниясы «EcoBatys2.0» жобасы аясында ҮЕҰ-ға арналған гранттарды ұсыну жөніндегі конкурсқа қоғамдық ұйымдар өз өтінімдерін келесі бағыттар бойынша бере алады:
- Су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану;
- Жер ресурстарын қорғау және қалпына келтіру, тұрақты жер пайдалану;
- Экожүйелердің биологиялық әртүрлілігін сақтау және тиімді пайдалану
Бір ҮЕҰ бір жобаға өтініш береді деп жоспарлануда. «EcoBatys2.0» жобасына қатысуға өтінім берген ҮЕҰ-дар нақты бір нәтижеге жететіндей болуы тиіс. Жобаны іске асыруға 1 күнтізбелік жыл көзделген. ҮЕҰ-дан өтінімдер 2023 жылдың қаңтарында қабылдана бастайды деп жоспарланған. Байқаудың қорытындылары наурыз айында шығарылып, «Шелл Қазақстан» компаниясының және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жобаларды іске асыратын ҮЕҰ-дар анықталатын болады. Жобалар 2023 жылдың сәуірі мен қазаны аралығында жүзеге асырылады.