«EcoBatys» конкурсының екінші кезеңі

Достар!
Ағымдағы жылдың 6 және 7 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-де «EcoBatys» конкурсының екінші кезеңінің онлайн-көрсетілімі біздің Facebook-тегі парақшамызда өтетінін хабарлаймыз.
Экологиялық мәселелерді шешуге өз үлесін қосуға ниет білдірген азаматтарға арналған конкурс «Шелл Қазақстан» компаниясының және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының демеушілігімен өтеді.
Экологиялық бастамалардың ауқымы шектеусіз. Ұйымдастырушыларды экологиялық білім беру мен ағартуға, көгалдандыруға, су ресурстарын тазартуға, қалдықтарды жинауға, кәдеге жаратуға және қайта өңдеуге қатысты әртүрлі жобалар қызықтырады.
Конкурстың финалына өткен 15 үздік жобаға сомасы 4 миллион теңгені құрайтын грант ұсынылады. Олар 2022 жылдың сәуірі мен қыркүйегі аралығында іске асырылатын болады.
Қатысушыларға сәттілік тілей отырып, Сіздерді тікелей эфирде күтетінімізді хабарлаймыз.