Өтініш қабылдаудың аяқталу күні: 15 қараша
Бағдарламаға ағылшын тілін жетік меңгірген өкіл қатысы алады.
Саясат және азаматтық қоғам, БАҚ және мәдениет, адам құқықтары, тұрақты даму салаларында жұмыс істейтін 25-45 жас аралығындағы көшбасшыларға арналған бағдарлама. Бағдарламаның мақсаты – азаматтық қоғамды нығайту және сандық азаматтық медианы, бейресми саяси білім беруді дамытуға бағытталған жобаларды дамытатын кәсіпқойларды қолдау. Германияда қабылдаушы ұйымдарда екі-үш ай практикалық оқыту барысында қатысушылар тәжірибе алмасады және пәнаралық деңгейде жұмыс істеу дағдыларын алады. Тәжірибелік оқыту мамыр айынан тамыз айына дейін немесе қыркүйек айынан желтоқсан айына дейін өтеді.
Бағдарлама тұруды, жол жүруді өтейді және стипендия төленеді.
Толығырақ: https://www.ifa.de/en/funding/ccp-fellowships/