БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының делегациясы АБҚО-да болды

Жарияланған күні: 09.06.2023


Бүгін Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма төрағасы Әлия Оспанова БҰҰ-ның бойынша босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының Орталық Азиядағы төрағасының орынбасары Думитру Липканумен, БҰҰ БЖКБ Қазақстандағы ұлттық кеңсесінің құқықтық мәселелер жөніндегі аға қызметкерлері Нұрлыбек Шыналимен, Мейрам Рахымбековпен кездесті.

Кездесу барысында Әлия Оспанова қонақтарды орталық қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды. Сонымен қатар, делегация өкілдері ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар және азаматтық секторды дамыту, жетілдіру жөніндегі жүйелі шаралар туралы білді.
Тараптар өз ұйымдарының жоспарларымен бөлісіп, оқыту курстары арқылы адам құқықтарын қорғау саласында ҮЕҰ әлеуетін арттыру мәселелері бойынша ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын талқылады.


Айта кетейік, БҰҰ БЖКБ-ның Орталық Азиядағы өңірлік өкілдігі Алматыда орналасқан. Ол Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстанды қоса алғанда, Орталық Азиядағы гуманитарлық қызметті үйлестіреді.
Бүгінгі таңда БҰҰ БЖКБ-ның Орталық Азиядағы өкілдігі төтенше жағдайларға ден қоюмен, үкіметтерге бассауға ұсыну жүйесін құруда жәрдемдесу бағытында қолдау көрсетумен, әлеуетті нығайтумен айналысады.