«Денсаулық сақтау саласына волонтерлерді тарту, науқастарды күтуге, оның ішінде хоспистерде, онкологиялық диспансерлерде және т. б. көмек көрсету бойынша «Birgemiz:Saýlyq» жалпыұлттық жобасын іске асыру» әлеуметтік жобасының аясында шағын гранттар байқауын өткізу туралы ереже
- ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы Ереже «Денсаулық сақтау саласына волонтерлерді тарту, науқастарды күтуге, оның ішінде хоспистерде, онкологиялық диспансерлерде және т.б. көмек көрсету бойынша «Birgemiz:Saýlyq» жалпыұлттық жобасынының» волонтерлік бастамаларын жүзеге асыруға арналған шағын гранттар бөлу байқауының өткізу тәртібін айқындайды.
1.2. Гранттардың жалпы сомасы 9 000 000 теңге. Байқау шеңберінде 300 000 теңге сомасына 30 шағын грант жеңімпаздары анықталады.
1.3. Байқау «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Денсаулық сақтау саласына волонтерлерді тарту, науқастарды күтуге, оның ішінде хоспистерде, онкологиялық диспансерлерде және т.б. көмек көрсету бойынша «Birgemiz:Saýlyq» жалпыұлттық жобасын іске асыру» гранттық жобасының аясында өткізіледі.
1.4. Ережеде келесі ұғымдар қолданылады:
Ұйымдастырушы – «Медицина Жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі конкурсты ұйымдастыру және өткізу мәселелерімен айналысады.
Шағын гранттар – үкіметтік емес ұйымдар мен бастамашыл топтарға арналған, жергілікті қоғамдастықтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған гранттар.
Өтініш беруші – байқауға қатысуға өтінім берген Қазақстан Республикасының нысаналы өңірлерінің бастамашыл топтары мен үкіметтік емес ұйымдары;
Шағын грант иегері – шағын грант алған байқау жеңімпазы.
Бастамашыл топтар – әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін 2 немесе одан да көп адамның ерікті бірлестіктері;
Байқау – осы Ережеге сәйкес шағын гранттар беру үшін жеңімпазды анықтау үрдісі.
Байқау туралы ереже – осы тәртіп негізінде қалыптастырылған, байқау өткізудің шарттары мен тәртібін айқындайтын құжат.
Байқау комиссиясы – шағын грант иегерлерін іріктеу мақсатында өтінімдерді бағалау үшін Ұйымдастырушы құратын алқалы орган.
- БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
2.1. Байқаудың мақсаты:
Денсаулық сақтау саласындағы волонтерлік бастамаларды іске асыру жолымен өңірлердің қалың бұқарасына медициналық, әлеуметтік, заңгерлік және өзге де көмек көрсету.
2.2. Байқаудың міндеттері:
- Ел өңірлерінде медициналық волонтерлікті дамыту үшін 30 шағын грантты іске асыру.
- Волонтерлік бастамаларды іске асыруға кемінде 2000 волонтер, оның ішінде 50 күміс волонтер тарту.
- Жобаның бенефициарларына 7000 қызмет көрсету (медициналық, әлеуметтік, құқықтық және өзге де көмек түрлері).
- Іске асырылатын шағын гранттардың сапасын жақсарту және олардың тұрақтылықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ әр түрлі ұйымдар, бизнес құрылымдар тарапынан кейіннен қаржыландыру жолымен жобалардың нәтижелерін одан әрі ілгерілету.
- Медициналық волонтерлік институтын дамыту;
- Денсаулық сақтау саласындағы қызметтің одан әрі тиімділігі үшін жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек мекемелері, үкіметтік емес ұйымдар және волонтерлік бастамашыл топтар арасындағы байланысты нығайту.
2.3. Гранттардың болжамды тақырыптары:
- Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған жобалар;
- Науқастарға және олардың жақындарына заңгерлік қызмет көрсету арқылы құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған жобалар;
- Емдеу-алдын алу мекемелерінде науқастарды қолдау бойынша жобалар;
- Мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға бағытталған жобалар;
- Денсаулық сақтау саласындағы күміс волонтерлікті дамытуға бағытталған жобалар;
- «Birgemiz:Saýlyq» жобасын іске асыруға қаражат тарту үшін краундфандинг құралын пайдалануға бағытталған шығармашылық және қайырымдылық іс-шаралары;
- Ережеге сәйкес келетін басқа да бағыттар.
- БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
3.1. Шағын гранттар байқауына Ережеге сәйкес Үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі – ҮЕҰ) және бастамашыл топтар қатыса алады.
3.2. Байқау жеңімпаздары өздерінің әлеуметтік жобаларын Қазақстан Республикасының кез-келген өңірінде жүзеге асыра алады.
3.3.Бастамашыл топтың жетекшісі 18 жастан асқан болуы тиіс, байқауға қатысуға өтінімді бастамашыл топтың басшысы жеке өзі оның барлық мүшелерін көрсете отырып, беруі қажет.
3.4.Әлеуметтік жобаларды іске асыру саласында алғыс хаттардың, ұсынымдардың немесе тәжірибенің басқа да растамаларының болуы қосымша артықшылық болады.
- ЖОБАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
4.1. Жобалардың бағыттарын өтініш беруші тиісті өңірдегі қажеттіліктерге жүргізілген бағалау негізінде айқындайды. Жобалар байқау Ережесінде көрсетілген әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталуы тиіс.
4.2. Шағын грант қаражатын ұйымды не бастамашыл топты материалдық-техникалық қамтамасыз етуге, объектілерді күрделі жөндеуге және салуға, жылжымайтын мүлікті және жабдықтарды сатып алуға жұмсауға жол берілмейді.
4.3. Жобалар шарт жасалған сәттен бастап 2023 жылғы «1» қазанға дейін іске асырылуы тиіс.
4.4. Жобаға өтінім №1 қосымшаға сәйкес ресімделеді.
5.БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
5.1.Байқауды өткізу тәртібі:
5.1.1. Шағын грантқа өтінім беру мерзімі: 2023 жылғы «14» наурыздан «02» сәуірге дейін.
5.1.2. Байқау комиссиясының өтінімдерді қарауы: 2023 жылғы «03» сәуірден «09» сәуірге дейін.
5.1.3. Байқау жеңімпаздары туралы хабарландыру: 2023 жылғы «10» сәуір күні.
5.2. Байқауға қатысуға өтінімдер қабылдау:
5.2.1. Байқауға қатысу үшін жобалық өтінімдер №1 қосымшаға сәйкес ресімделген Microsoft Word форматында байқау Ережесінде көрсетілген электрондық мекенжайға мерзімдерде жіберілуі тиіс.
5.2.2. Жобаның мәнін ашатын презентация немесе бейнеролик болған жағдайда, өтініммен бірге поштаға жіберу керек.
5.2.3. Қажет болған жағдайда ұйымдастырушылар өтінім берушіден байқауға қатысы бар қосымша ақпаратты сұрату құқығын өзіне қалдырады.
5.2.4. Байқауға қатысуға өтінім өтініш берушінің осы Ережеде көзделген талаптармен және шарттармен келісімін білдіру нысаны болып табылады.
5.2.5. Өтініш беруші өтінімді рәсімдеуге және жіберуге арналған шығыстарды дербес көтереді.
5.2.6. Өтінім беруші өтінімдерді қабылдау аяқталған күнге дейін конкурсқа қатысуға өз өтінімін кері қайтарып алуға құқылы.
5.2.7. 2023 жылғы 02-ші сәуір күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 23:59-дан кейін келіп түскен өтінімдер қаралмайды.
5.2.8. Ұйымдастырушылар алынған ақпараттың құпиялылыққа кепілдік береді
Ақпарат және жеке деректердің сақталуы.
5.2.9. Байқаудың басталуы және іріктеудің аяқталуы туралы хабарландыру https://cisc.kz, https://qazvolunteer.kz/ ресми сайттарында, жобаның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында: Instagram: @qazmed_jastary, @birgemiz.saulyq және серіктестердің әлеуметтік желілерінде жарияланады.
5.3. Конкурсқа қатысуға өтінімді qazmedzhastary@gmail.com электронды поштасына жіберу қажет, хат тақырыбында: шағын гранттар байқау комиссияысына деп көрсетілуі тиіс.
- ЖОБАЛАРДЫ ІРІКТЕУ ҮРДІСІ
6.1 Байқау жобаларын іріктеу екі негізгі кезеңде өтеді:
6.1.1. техникалық іріктеу;
6.1.2. байқау комиссиясының іріктеуі.
6.2.Өтінімдерді техникалық іріктеуді Ұйымдастырушының қызметкерлері ұсынылған құжаттардың толықтығын және олардың осы Ереженің шарттарына сәйкестігін белгілеу мақсатында жүргізеді.
6.3.Техникалық іріктеу жүргізу кезінде Ұйымдастырушының қызметкерлері мынадай критерийлерді басшылыққа алатын болады:
6.3.1.Өтініш берушінің жобалық өтінімін рәсімдеуі және толықтығы. Барлық ұсынылған өтінімдер осы Ереженің талаптарына сәйкес рәсімделуі және толтырылуы тиіс. Өтінімге барлық қажетті құжаттар қоса жіберілуі тиіс. Талаптарға сай емес рәсімделген немесе толық емес толтырылған өтінімдер техникалық іріктеу кезеңінде қабылданбайды.
6.3.2.Жобаның бағыты. Ұсынылған жобалар осы Ереженің 2.3-тармағының және 3,4 бөлімдерінің талаптарына сәйкес болуы тиіс. Көрсетілген тармақтарға, бөлімдерге сәйкес келмейтін жобалық өтінімдер техникалық іріктеу кезеңінде қабылданбайды.
6.4. Техникалық іріктеу кезеңінде жобалық өтінім түзетуге жіберіледі. Өтініш беруші поштаға хабарлама алған сәттен бастап екі күн ішінде өтінімді жөндеуі тиіс. Көрсетілген мерзімде барлық ескертулер жойылмаған жағдайда өтінім қабылданбайды.
6.5. Техникалық іріктеу нәтижелері хаттамамен рәсімделіп, жобаның ақпараттық ресурсында жарияланады.
6.6.Құрамында кемінде 5 адамнан тұратын байқау комиссиясын Ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді бағалауды жүзеге асыру үшін азаматтық қоғам институттарының, мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, бизнестің өкілдері мен қоғамдық пікір көшбасшылары, сарапшылар қатарынан қалыптастырады.
6.7.Байқау комиссиясының мүшелері байқаудың мақсаттарына, міндеттері мен өлшемдеріне сәйкес грант иегерін таңдау жөнінде бейтарап шешім шығаруға міндетті.
6.8.Байқау комиссиясының отырысы, егер оған мүшелерінің 2/3 бөлігі қатысса, заңды болып табылады. Шешім қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады.
6.9.Байқау комиссиясының төрағасы байқау комиссиясының отырысында сайланады.
6.10.Комиссия шешімдері отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
6.11.Байқау комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді, онда оның мүшелерінің ерекше пікірлері көрсетілуі мүмкін. Хаттамаға байқау комиссиясының төрағасы мен хатшысы қол қояды.
6.12.Байқау комиссиясының хатшысы оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, оның мүшесі болып табылмайтын және дауыс беруге қатыспайтын Ұйымдастырушының өкілі болып табылады.
6.13.Байқау комиссияның шешімдері қайта қарауға жатпайды.
6.14.Өтінімдерді бағалау және байқау жеңімпазын айқындау барысында «мүдделер қақтығысы» жағдайы туындаған кезде, жеке мүдделілігі шешім қабылдау үрдісіне әсер етуі мүмкін байқау комиссияның мүшесі туындаған «мүдделер қақтығысы» туралы байқау комиссияны хабардар етуге және Комиссия мүшелері қатарынан шығуға тиіс.
- БАҒАЛАУ ӨЛШЕМДЕРІ
7.1.Комиссия мүшелері жобаларды төменде көрсетілген критерийлер бойынша бағалайтын болады:
№ | Бағалау критерийлері | Бағалау (0-5 балл) |
1 | Жобаның әлеуметтік маңыздылығы (жоба бағытталған әлеуметтік мәселенің маңыздылығы, мақсатты аудиторияның қажеттіліктеріне сәйкестігі және мәселелерді шешудің тиімділігі) | |
2 | Жоба нәтижелеріне қол жеткізуі (жоба нәтижелерінің қолжетімділігі, нақтылығы, жобаның мақсатты тобын қамту) | |
3 | Жобаның тұрақтылығы (жобаны одан әрі дамыту перспективаларының болуы және қаржыландыру аяқталғаннан кейін іс-шараларды жалғастыру) | |
4 | Жобаны орындау жоспарының нақтылығы мен ұтымдылығы (жобаны орындау бойынша іс-шаралар жоспарының қисындылығы мен жүйелілігі, жоспарланған жоба іс-шараларының оның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі) | |
5 | Бюджеттің орындылығы мен негізділігі (жоспарланған бюджет баптарының жобалық іс-шараларға сәйкестігі) |
7.2.Әр критерий 5 балдық шкала бойынша бағаланады (0-ден 5-ке дейін).
Критерийлерге сәйкестікті бағалау шкаласы: 0-5 балл (бүтін сандар): | |
0 балл | сәйкес келмейді |
1-2 балл | әлсіз сәйкестік |
3 балл | қанағаттанарлық сәйкестік |
4 балл | жақсы сәйкестік |
5 балл | өте жақсы сәйкестік |
7.3.Ең жоғары жалпы балл жинаған өтінім берушілер байқау жеңімпаздары болып танылады.
7.4.Жобаның жалпы балы байқау комиссиясының барлық мүшелері қойған қорытынды балдардың соммасы болып табылады.
7.5.Байқау ережесіне сәйкес ең жоғары балл жинаған жобалар жеңімпаз болып анықталады
- ШАҒЫН ГРАНТТАР БЕРУ ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІК ТӘРТІБІ
8.1.Ұйымдастырушылар шағын гранттардың іске асырылу барысында белгіленген мерзімдерге сәйкес жоспарланған мақсаттарды, міндеттерді, іс-шараларды және күтілетін нәтижелерді уақытылы орындауын тексеру мақсатында, мониторинг тобын кұрады.
8.2. Жобаны іске асыру мерзімі бекітілген күннен бастап 3 айдан кем емес және 6 айдан аспау қажет.
8.3.Жоба тиісінше орындалмаған және Грант қаражаты мақсатсыз пайдаланылған жағдайда, шағын грант иегері грантты қайтаруды жүзеге асыруға міндеттенеді.
8.4.Есептерді уақытылы тапсырмаған кезде шағын грант иегері ұйымдастырушыға шағын грант беруге арналған шарттың жалпы сомасының әрбір кешіктірілген күнтізбелік күні үшін 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.
8.5.Шағын грант иегері оператор мен ұйымдастырушыға жобаның іске асырылу барысы, оның кезеңдері мен нәтижелері туралы ақпаратты БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жариялауға келісім береді.
8.6.Гранттық жобалардың іске асырылуы туралы ақпарат, сондай-ақ нәтижелері шағын грант иегерінің әлеуметтік желілердегі парақшасына орналастырылуы тиіс.
9. ГРАНТ ҚАРАЖАТЫН АУДАРУ ТӘРТІБІ
9.1.Өтініш берушілерге гранттар бөлу шағын гранттар байқауының қорытынды хаттамасының және шағын грант беру туралы қол қойылған шарттың негізінде жүзеге асырылады.
9.2.Үкіметтік емес ұйымдар үшін шағын грантты қаржыландыру грант қаражатын шағын грант иегері ҮЕҰ – ның есеп шотына екі төлеммен аудару жолымен жүзеге асырылады:
-Гранттың 70% мөлшеріндегі алғашқы төлем шарт жасалғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде аударылады;
-Гранттың 30% мөлшеріндегі екінші төлем ұйымдастырушы аралық бағдарламалық және қаржылық есепті қабылдағаннан кейін аударылады.
-Гранттық қаражатты аударудың басқа шарттары тараптардың жазбаша келісімі бойынша мүмкін болады.
9.3.Бастамашыл топтар үшін грантты қаржыландыру жобаның бекітілген сметасына сәйкес төлем шоттары бойынша тауарлар мен қызметтерді жеткізушілердің есеп айырысу шотына Ұйымдастырушының қаражатты аударуы жолымен жүзеге асырылады.
9.4.Бағаларды түзетуге байқауды Ұйымдастырушыға жазбаша хабарлама жіберу арқылы, оның келісімімен ғана жол беріледі.
- ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ
10.1.Барлық туындаған дауларды конкурсты ұйымдастырушы және комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешеді.
10.2.Байқауға қатысуға қатысты барлық сұрақтар бойынша волонтерлік бастамаларды іске асыру жөніндегі менеджер Бахташ Гүлбибі Жандосқызына хабарласуға болады, байланыс телефоны: 8 747 694 47 19.
10.3. Байқауды ұйымдастырушылар: «Медицина жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі, мекен-жайы: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Құрманғазы көшесі 58, №70 кеңсе, Байланыс тел.: +7 (747) 694 47 19, e-mail: qazmedzhastary@gmail.com
1-қосымша
- Өтініш формасы
Бастамашыл топтар үшін
Елді мекен | |
Бастамашыл топтың басшысы туралы мәліметтер: | |
Аты-жөні | |
Туған күні | |
Білімі | |
Оқу/жұмыс орны | |
Марапаттар, сертификаттар, курстар | |
Ұялы телефон | |
Байланыс телефоны | |
Электрондық адрес | |
Әлеуметтік желілердегі аккаунттар | |
Қосымша мәліметтер | |
Бастамашыл топтың қатысушылары туралы мәліметтер: | |
1-қатысушы (әрбір қатысушыға жеке толтырылады) | |
Т.А.Ә. | |
Туған күні, айы, жылы | |
Ұялы телефон | |
Электронды пошта адресі | |
Әлеуметтік желілеріндегі аккаунттар | |
2-қатысушы | |
3-қатысушы және т.б. |
2. Әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер
№ | Жобаның атауы, мақсаттары, міндеттері, мазмұны | Іске асыру мерзімі | Қол жеткізілген нәтижелер | Жұмсалған ресурстар (қаржылық, материалдық,
адам және т. б.) |
1. | ||||
2. | ||||
- Жоба жайлы ақпарат (шартқа міндетті қосымша болып табылады)
1 | Жоба атауы
(жобаның атауын қазақ және орыс тілдерінде көрсетіңіз) |
|
2 | Жобаның мақсаты
(Сіздің жобаңыз не үшін қажет? Жоба сіздің елді мекеніңіздің қандай әлеуметтік мәселесін шеше алады?) |
|
3 | Жобаны іске асыру аумағы | |
4 | Жобаның мақсатты тобы
(Сіздің жобаңыз кімдерге өз пайдасын тигізеді?) |
|
5 | Нысаналы топты сандық қамту жоспары
Сіздің жобаңыз қанша адамға пайдасын тигізеді? Нақты санды көрсетіңіз |
|
6 | Жоба бойынша қызметтің қысқаша сипаттамасы.
(Жоба бойынша іс-шаралар тізбесі. Жобаны жүзеге асыру үшін не істейсіз? Сіз оны қалай істейсіз? Қандай іс-шаралар өткізесіз?) |
|
7 | Жоба бойынша серіктестер
(Жобаны кіммен іске асырасыз? Кімнің көмегін сұрайсыз? Кімді тартасыз? Серіктес ретінде қандай ұйымдар мен мекемелерді тартуды жоспарлап отырсыз? Серіктестердің атауын жазыңыз) |
|
8 | Жобаның күтілетін нәтижелері және әлеуметтік әсері
(Сіз нәтижесінде не аласыз? Сіздің жобаңыз жергілікті тұрғындарға қандай пайда әкеледі? Жобадан кейін сіздің аймағыңызда қандай өзгерістер болады?) |
|
9 | Жобаның жалпы құны (теңгемен)
(Жобаны іске асыру үшін сізге қанша ақша керек?) |
|
10 | Жобаның тұрақтылығы
(Қаржыландыру аяқталғаннан кейін жобаны жалғастыра аласыз ба? Сіз жобаны жалғастыруды қалай жоспарлайсыз?) |
|
11 | Ақпараттық қолдау
(Адамдар сіздің жобаңыз туралы қалай біледі? Жоба туралы ақпаратты қайда орналастырасыз? (Мүмкіндігінше атауын көрсетіңіз). |
|
12 | Әлеуметтік жобаның қауіп-қатерлері
(Жобаның барысы мен нәтижесіне қандай қауіп-қатерлер әсер етуі мүмкін? Осындай салдардың болу ықтималдылығы мен оларды азайтуды қалай жоспарлайсыз?) |
- Жобаны іске асыру жоспары (шартқа міндетті қосымша болып табылады)
№ | Әрекет /
іс-шара |
Жоспарланған
мерзімі |
Қатысушылар | Топтың жауапты тұлғасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
5. Жоба бюджеті
№ | Шығыс бабы | Бірлік саны | Бағасы | Сомасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Жиынтығы |
Өтінімге мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:
- a. ұсыныс хаттар (бар болса);
- b. жоба презентациясы, жоба туралы бейнеролик (бар болса).
Байқау қорытындылары жарияланғаннан кейін, грант алушылар келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:
Бастамашыл топтар үшін:
- жеке куәліктің сканерленген нұсқасы;
- 20 таңбалы шот нөмірінің болуы туралы қолы мен мөрі бар банк анықтамасының сканерленген нұсқасы.;
- салық органынан салық берешегінің жоқтығы туралы мәліметтерді ұсыну;
Үкіметтік емес ұйымдар үшін:
- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің/анықтаманың сканерленген нұсқасы;
- ұйымға қызмет көрсететін банктің қолы мен мөрі қойылған анықтаманың сканерленген нұсқасы: банктік шоттың болуы және есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ екендігі туралы мәліметтерді беру.