«BIRGEMIZ: ASYL МURA» жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауын өткізу
ЕРЕЖЕСІ
- ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы Ереже «Birgemiz: Asyl мura» жалпыұлттық жобасы аясында тарихи-мәдени мұраны сақтаудағы нақты мәселелерді шешуге бағытталған жеке дара бастамалар (ерікті миссия) мен волонтерлік бастамаларды қолдауға арналған шағын гранттар байқауын өткізу тәртібін анықтайды (Әрі қарай – Байқау).
Байқау аясында өздерінің волонтерлік бастамаларын жүзеге асыру үшін 300 000 (үш жүз мың) теңге көлемінде шағын грантқа ие болатын 30 жеңімпаз анықталады.
1.2. Байқау Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тапсырысымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ «Тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау жөніндегі «Birgemiz: Asyl мura» жалпыұлттық жобасын іске асыру» гранты аясында өткізіледі.
1.3. Ережеде келеcі түсініктеме аппараты қолданылады:
Ұйымдастырушы – байқаудың ұйымдастыру сұрақтарымен айналысатын үкіметтік емес ұйым;
Өтінім беруші – байқауға қатысуға өтінім берген Қазақстан Республикасының жеке тұлғасы, бастамашыл тобы, үкіметтік емес ұйымы;
Грант беруші – байқау ұйымдастырушысы;
Грант алушы – грант иеленген байқаудың жеңімпазы.
- БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
2.1. Байқау мақсаты:
Тарихи-мәдени мұраны сақтау, тарихи, мәдени ескерткіштерді және мемориалды кешендерді қалпына келтіру бойынша жобаларды жүзеге асыруға еліміздің азаматтарының қатысуын көбейту.
2.2. Байқау міндеттері:
– осы саладағы волонтерлікті халық арасында насихаттау;
– тарихи-мәдени мұраны сақтау саласындағы халықтың бастамаларын қолдау;
– халықтың әлеуметтік жобалар саласындағы кәсіби және тұлғалық дамуына үлес қосу;
- БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
3.1. Шағын гранттар байқауына қатысуға жеке тұлғалар, бастамашыл топтар және Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарына рұқсат етіледі.
3.2. Жобалық өтініш берушілер ұйымдастырушылар тарапынан әзірленген оқыту семинарларынан өтуі қажет.
3.3. Өтініш жеке тұлға атынан берілген жағдайда, өтініш берушінің жасы 18 жастан жоғары болуы тиіс.
3.4. Бастамашыл топтың атынан өтініш берген жағдайда, топ жетекшісінің жасы 18 жастан жоғары болуы тиіс. Топтың қалған мүшелеріне қойылатын талаптар – жасы 14 жастан жоғары. Байқауға қатысуға өтінішті тікелей топ жетекшісі топтың барлық мүшелерін көрсетіп тапсыруы тиіс. Qazvolunteer.kz платформасында бастамашыл топтың барлығы тіркеуден өтуі тиіс.
3.5. Байқауға қатысатын үкіметтік емес ұйымдар келесі шарттарға сай болуы тиіс:
– салықтық және басқа қарыздардың жоқ болуы;
– банк есепшотының болуы;
– ұйым мемлекеттік сатып алулар сайтындағы жосықсыз қызмет көрсетушілер тізімінде болмауы тиіс;
– ұйым ҮЕҰ деректер базасында болуы тиіс.
3.6. Өтінімдерді қарастыру барысында волонтерлік саласындағы бағдарламаларды/жобаларды жүзеге асыруда тәжірбиесі бар өтінім берушілерге басымдық беріледі. Волонтерлік тәжірбиені растайтын сертификаттар, алғыс хаттар, ұсыным хаттар, жарияланымдар қосымша артықшылық болып есептеледі.
- ЖОБАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
4.1. Жобалар волонтерлік қызмет тәжірибесіне азаматтарды тарту үшін тиімді механизм мен жағымды жағдай жасау арқылы волонтерліктің жүйелі дамуына бағытталған «Birgemiz» концепциясына сай болуы тиіс.
4.2. Жобалар тарихи-мәдени мұраны сақтаудағы нақты мәселелерді шешуге бағытталған азаматтардың жеке дара бастамалары (ерікті миссия) мен волонтерлік бастамаларды қолдауға бағытталған болуы тиіс. Тапсырылатын бастама тарихи-мәдени мұраны сақтау, тарихи, мәдени ескерткіштерді және мемориалды кешендерді қалпына келтіру бойынша жобаларға волонтерлерді тартумен, Қазақстан Республикасының азаматтарын волонтерлік қызметке белсене қатысуға ынталандырумен айналысу және «Birgemiz: Asyl мura» жалпыұлттық жобасының бағыттарына сай болуы тиіс.
4.3. Жобалар келесі бағыттар бойынша қабылданады:
– археологиялық іздеу жұмыстарын жүргізу бойынша волонтерлік жобалар;
– ғылыми қалпына келтіру (реставрация) жұмыстарын жүргізу бойынша волонтерлік жобалар;
– тарихи-мәдени нысандарда мониторинг жүргізу бойынша волонтерлік жобалар;
– тарихи-мәдени орындарға волонтер-гидтер дайындау бойынша волонтерлік жобалар;
– тарихи-мәдени орындарды насихаттауға волонтерлерді тарту;
– материалды емес мәдени мұраны сақтау бойынша жобаларға волонтерлерді тарту;
– тарихи-мәдени мұраларға сәйкес мәселелерді шешуге немесе халық арасында кеңінен насихаттауға арналған технологиялық шешімдерді әзірлеу;
– 2023 жылы шағын гранттық өтінімдер арасында тарихи ескерткіштерге бағытталған жобаларға басымдылық беріледі
– 4.1. бапқа сай келетін басқа бағыттар.
4.4. Жоба келісімшартқа қол қойылғаннан бастап 3 ай көлемінде жүзеге асырылуы тиіс.
4.5. Байқау комиссиясының қаралымында жүйелі, жүзеге асып жатқан, аймақтағы жағдайды түбегейлі өзгертетін жобалар артықшылыққа ие болады.
4.6. Жоба аясындағы шығындар еңбекақы, офистің қамтылуы секілді және басқа да әкімшілік шығындарға емес, волонтерлік бастамаларды жүзеге асыруға арналған әр түрлі шығындарға (жабдықтау, құрал-сайман, құрылғы және т.б.) бағытталуы тиіс.
4.7. Жоба өтінім формасына (Қосымша №1) толықтай сай рәсімделуі тиіс.
- БАЙҚАУДЫҢ ӨТКІЗІЛУ ТӘРТІБІ
Байқау 2023 жылдың 7-20 наурыз аралығында өтеді
Байқауға қатысуға өтінімдер қабылдау:
5.1.1. Байқауға қатысу үшін өтінімдер арнайы әзірленген GOOGLE форманы толтыру – https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSckkvsMWzQcBwtR9pOApSCxD-QTWhcSDtNiOLk9Eyi0B59Qdw/viewform
2023 жылдың 7-20 наурыз аралығында Астана қ. уақыты бойынша сағат 18:00 дейін толтыру арқылы қабылданады.
5.1.2. Байқауға қатысу үшін Жобалық өтінімдерді Ереженің Қосымша №1
сай рәсімделіп, .pdf форматында 2023 жылдың 25 сәуірінің Астана қ. уақыты бойынша сағат 18:00 дейін ofdanalyk@mail.ru электронды почтасына жіберу қажет.
5.1.1. Жобаның мәнін ашатын презентация немесе бейнеролик болған жағдайда, оны өтініммен бірге электронды почтаға жіберу қажет.
5.1.2. Байқауға қатысушы ұйымдастырушылар тарапынан әзірленген оқыту модулінен өткенін растайтын сертификат тіркеу қажет.
5.1.3. Қажет болған жағдайда, Ұйымдастырушылар Өтінім берушіден Байқауға қатысты қосымша ақпарат сұрату құқығын қалдырады.
5.1.4. Байқауға қатысуға өтінім Қатысушының осы Ережеде көрсетілген талаптар мен шарттарға келісімін білдіреді.
5.1.5. Байқауға қатысу өтінім беруші тарапынан ақысыз түрде жүзеге асады.
5.1.6. Байқау Қатысушысы өзінің өтінімін өтінім қабылдау уақыты аяқталғанға дейін қайтып алуға құқылы.
5.1.7. Көрсетілген уақыттан кеш тапсырылған Өтінімдер қарастырылмайды.
5.2. Ұйымдастырушылар қатысушылардың жеке деректерінің сақталуына кепілдік береді.
5.3. Грант иегерлерін іріктеу 2023 жылдың 5 мамырға дейін жүргізіледі.
5.4. Іріктеудің аяқталуы туралы хабарландыру ұйымдастырушылардың ресми сайтында www.birgemiz-asylmura.kz, www.qazvolunteer.kz порталында, сонымен қатар жобаның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланады:
Instagram: @danalyq_semey
- ЖОБАЛАРДЫ ІРІКТЕУ
6.1. Байқау комиссиясы «Даналық» ҚҚ атқарушы директоры бұйрығы негізінде кемінде үш адамнан құрылады. Байқау комиссиясының құрамына келісім бойынша волонтерлік саласындағы сарапшылар, бренд-амбассадор, тарихи-мәдени мұра саласындағы сарапшылар, волонтерлік фронт-офисінің өкілдері, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ өкілдері шақырылатын болады.
6.2. Байқау комиссиясының мүшелері байқаудың мақсаттарына, міндеттеріне және шарттарына сәйкес грант алушыны таңдау жөнінде бейтарап шешім шығаруға міндеттеледі.
6.3. Байқау комиссиясының шешімі хаттама түрінде рәсімделеді, оған Комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Байқау комиссиясының шешімі соңғы шешім болып табылады және өзгертуге немесе шағымдануға жатпайды.
- БАҒАЛАУ ШАРТТАРЫ
7.1. Байқау комиссиясы жобаларды келесі бағалау шарттарына сәйкес іріктейді:
Бағалау шарттары | Бағалау үлесі, % | |
1. | Халықтың волонтерлік қызметке тартылуы | 30 |
2. | Мақсатты аудиторияның қажеттіліктеріне сәйкестігі және өңірдің мәселелерін шешу
тиімділігі |
30 |
3. | Жобаның алдағы уақыттағы жүйелілігі мен өміршеңдігі | 20 |
4. | Жобаны орындау жоспарының нақтылығы мен ұтымдылығы | 10 |
5. | Бюджеттің орындылығы мен негізділігі | 10 |
Барлығы: | 100 |
7.2. Бағалаудың әрбір шарты бес ұпайлық шкала бойынша бағаланады
(0-ден 5 ұпайға дейін)).
7.3. Жобаларды бағалау формасына сәйкес (Қосымша 2) әрбір комиссия мүшесі дербес түрде қарастырады. Әрбір жобалық өтінім бойынша байқау комиссиясы мүшесінің қорытынды ұпайы келесі формула бойынша есептеледі:
Қорытынды ұпай = (a * 0,3) + (b * 0,3) + (c * 0,2) + (d * 0,1) + (f * 0,1),
бұл жерде
a – «Халықтың волонтерлік қызметке тартылуы» шарты бойынша ұпай;
b –«Мақсатты аудиторияның қажеттіліктеріне сәйкестігі және өңірдің міндеттерін шешу тиімділігі» шарты бойынша ұпай;
c – «Жобаның болашақтағы жүйелілігі мен өміршеңдігі» шарты бойынша ұпай;
d – «Жобаны орындау жоспарының нақтылығы мен ұтымдылығы» шарты бойынша ұпай ;
f – «Бюджеттің орындылығы мен негізділігі» өлшемшарты бойынша ұпай.
7.4. Жобаның жалпы ұпайы байқау комиссиясының барлық мүшелері ұсынған қорытынды ұпайлардың орташа арифметикалық сомасы болып табылады.
7.5. Шағын гранттар байқауының жеңімпаздары ең жоғары жалпы ұпай жинаған 30 әлеуметтік жобалардың өтініш берушілері болады.
7.6. Екі және одан да көп өтінімдер бірдей ұпай санын жинаған жағдайда волонтерлік жұмыс тәжірибесі көбірек өтініш берушілерге басымдық беріледі.
- ШАҒЫН ГРАНТТАР БЕРУ ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРУ ТӘРТІБІ
8.1. Өтініш берушілерге гранттар бөлу шағын гранттар байқауының қорытынды хаттамасы мен қол қойылған грант беру туралы шарт негізінде жүзеге асырылатын болады.
8.2. Шағын грант көлемі 300 000 (үш жүз мың) теңгені құрайды.
8.3. Грантты беру өтініш берушінің банктік шотына ақша қаражатын аудару жолымен жүзеге асырылады.
8.4. Төлем екі транш арқылы жүргізіледі:
- Грант сомасының 70% мөлшеріндегі I транш шартқа қол қойылған күннен бастап бес банктік күн аралығында аударылады;
- Грант сомасының 30% мөлшеріндегі II транш аралық есеп қабылданғаннан кейін бес банктік күн аралығында аударылады.
8.5. Грантты пайдалану мәлімделген сметаға қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады. Түзетулер енгізу тек Грант берушіні жазбаша түрде хабардар етіп, оның келісімін алғаннан кейін ғана рұқсат беріледі.
8.6. Аралық бағдарламалық және қаржылық есептерді тапсыру мерзімі
– Қорытынды бағдарламалық және қаржылық есептерді тапсыру мерзімі – 2023 жылдың 10 тамызына дейін.
8.7. Ұсынылған мәліметтер толық емес болған жағдайда Грант беруші есепті қайта түзетуге жіберуге құқылы.
8.8. Жоба тиісті деңгейде орындалмаған, грант қаражатын мақсатсыз пайдаланған және есепті уақытында тапсырмаған жағдайда, Грант алушы грант қаражатын қайтаруға міндеттенеді. Сомасы мен мерзімдері грант беру туралы шартта айқындалады.
8.9. Грант алушы өзі туралы, жобаны іске асыру барысы, оның кезеңдері мен нәтижелері туралы БАҚ-да және әлеуметтік желілерде ақпарат жариялауға келісім береді.
8.10. Әр жоба бойынша қамтылу керек волонтерлар саны 40. (күміс волонтер кемінде – 2)
8.11. Грант алушының жобаны жүзеге асыру бойынша ақпараты Ұйымдастырушының «Birgemiz: Asyl мura» жобасы үшін Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жариялануы керек.
Парақшада «Birgemiz: Asyl мura» жобасының логотипі
және #cisc2023 #qogamgov #danalyq_semey #asyl_mura2023 хештегтері болуы тиіс.
- ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ
9.1. Барлық туындаған дауларды байқау Ұйымдастырушысы мен Комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешеді.
9.2. Байқауды ұйымдастырушылары:
«Даналық» ҚҚ
Мекен-жайы: 071401, Қазақстан Республикасы, Семей қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 21 үй, 1 қабат.
тел: + 7 778 321 11 52
e-mail: ofdanalyk@mail.ru
Қосымша 1
Кімге: «Даналық» ҚҚ
Кімнен: ____________________
(өтінім берушінің толық атауын көрсету)
Волонтерлік бастамаларды қолдауға арналған шағын грант беру конкурсына қатысуға өтініш
Осы өтінішпен (ұйымның толық атауын немесе өтініш берушінің аты-жөнін көрсету) (бұдан әрі – Өтініш беруші) волонтерлік бастамаларды қолдауға арналған шағын грант беру конкурсына (бұдан әрі-Конкурс) қатысуға ниет білдіреді және мәлімделген жобаны Конкурс шарттарына сәйкес іске асыруға келісім береді.
Өтініш беруші осы өтініштегі және оған қоса берілетін құжаттардағы барлық ақпараттың түпнұсқа екенін, шынайы фактілерге сәйкес келетінін растап, кепілдік береді және өзінің заңдылығы, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы дұрыс емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілік, олардың авторлық және сабақтас құқықтарын сақтауы, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар болуын білдіреді. Өтініш беруші осындай дәйексіз мәліметтерді ұсынғаны үшін толық жауапкершілікті өзіне қабылдайды.
Ұйым басшысының лауазымы, аты-жөні, қолы, мөр – заңды тұлғалар үшін. АТӘ, қолы – жеке тұлғалар және бастамашыл топтың жетекшісі үшін.
Толтыру күні «____» ________________ 20___жыл
ЖОБАЛЫҚ ӨТІНІМ ҮЛГІСІ
- Өтініш беруші туралы мәліметтер
Жеке тұлғалар үшін:
Елді мекен (міндетті түрде облысты, қаланы / ауданды, ауылды көрсету керек) | |
Өтініш берушінің аты-жөні (толық) | |
Туған күні | |
Білімі (білім беру мекемесінің атауын және мамандығын көрсету қажет) | |
Оқу/жұмыс орны (оқу орны үшін оқу орнының атауын және курсын/сыныбын көрсету; жұмыс орны үшін-ұйымның атауы
және лауазымы) |
|
Марапаттар, сертификаттар, курстар (сіздің біліктіліктеріңізді және кәсібилігіңізді растайтын деректер болған жағдайда көрсету) | |
Байланыс телефоны (осы телефон арқылы ұйымдастырушылар сізбен байланысатын болады) | |
Қосымша байланыс телефоны (негізгі телефон қол жетімсіз болған жағдайда. Адамның атын және оның сізбен қарым-
қатынас дәрежесін көрсету: дос, ана және т. б.) |
|
Электрондық мекен-жай | |
Intsagram, Facebook, Telegram әлеуметтік
желілеріндегі аккаунттар (іздеуді жеңілдету үшін өз парақшаларыңыздың сілтемелерін көрсетіңіз) |
|
Қосымша мәліметтер (Сіздің ойыңызша Конкурстық комиссия білуге тиіс кез келген ақпарат, фактілер және басқа да
мәліметтер) |
Бастамашыл топтар үшін:
Елді мекен (міндетті түрде облысты, қаланы / ауданды, ауылды көрсету керек) | |
Бастамашыл топтың басшысы туралы мәліметтер: | |
Аты-жөні (толық) | |
Туған күні | |
Білімі (білім беру мекемесінің атауын және мамандығын көрсету қажет) |
Оқу/жұмыс орны (оқу орны үшін оқу орнының атауын және курсын/сыныбын көрсету; жұмыс орны үшін-ұйымның атауы
және лауазымы) |
|
Марапаттар, сертификаттар, курстар (сіздің біліктіліктеріңізді және кәсібилігіңізді растайтын деректер болған жағдайда көрсету) | |
Байланыс телефоны (осы телефон арқылы ұйымдастырушылар сізбен байланысатын болады) | |
Қосымша байланыс телефоны (негізгі телефон қол жетімсіз болған жағдайда. Адамның атын және оның сізбен қарым- қатынас дәрежесін көрсету: дос, ана және
т. б.) |
|
Электрондық мекен-жай | |
Intsagram, Facebook, Telegram әлеуметтік
желілеріндегі аккаунттар (іздеуді жеңілдету үшін өз парақшаларыңыздың сілтемелерін көрсетіңіз) |
|
Қосымша мәліметтер (Сіздің ойыңызша Конкурстық комиссия білуге тиіс кез келген ақпарат, фактілер және басқа да мәліметтер) | |
Бастамашыл топтың қатысушылары туралы мәліметтер: | |
1 қатысушы (әрбір қатысушыға жеке толтырылады) | |
Аты-жөні (толық) | |
Туған күні | |
Байланыс телефоны (осы телефон арқылы ұйымдастырушылар сізбен байланысатын болады) | |
Электрондық мекен-жай | |
Intsagram, Facebook, Telegram әлеуметтік
желілеріндегі аккаунттар (іздеуді жеңілдету үшін өз парақшаларыңыздың сілтемелерін көрсетіңіз) |
|
2 қатысушы | |
3 қатысушы және т.б. |
Үкіметтік емес ұйымдар үшін:
Ұйымның толық атауы және заңды мәртебесі қазақ және орыс тілдерінде | |
Заңды тіркелу күні | |
Ұйымның заңды мекен-жайы
(пошталық индекс, облыс, елді мекен, көше, үй, кеңсе) |
Ұйымның нақты мекен-жайы
(пошталық индекс, облыс, елді мекен, көше, үй, кеңсе) |
|
Ұйымның байланыс ақпараттары
(жұмыс телефоны, факс, электрондық пошта) |
|
Заңды тұлғаның банктік деректемелері (БСН, ЖСК, БСК), сондай-ақ заңды тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекен-жайы | |
Ұйымның бірінші басшысының аты-жөні | |
Басшының лауазымы | |
Басшының байланыс ақпараты
(жұмыс телефоны, факс, электрондық пошта) |
|
Ұйым есепшісінің аты-жөні | |
Есепшінің байланыс ақапараты
(жұмыс телефоны, факс, электрондық пошта) |
|
Ұйым құрылтайшылары туралы мәлімет (құрылтайшылардың аты-жөні / құрылтайшы ұйымдардың атауы) | |
Жарғыға сәйкес заңды тұлғаның қызметі, штаттық қызметкерлер саны | |
ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымдар ) деректер қорында болуы туралы мәліметтер | |
Мақсатты аудитория/атаулы тобы (егер қолданылса) |
2. Волонтерлік жұмыс / волонтерлік жобаларды іске асыру тәжірибесі туралы мәліметтер (жеке тұлғалар, бастамашыл топтар және үкіметтік емес ұйымдар үшін)
№ | Жобаның атауы, мақсаттары, міндеттері, мазмұны | Іске асыру мерзімі | Нәтижесі | Жұмсалған қаражат (қаржылық, материалдық, адами және т. б.) |
1. | ||||
2. |
- Жоба туралы мәлімет
1. | Жобаның атауы
(жобаның атауын қазақ және орыс тілдерінде көрсетіңіз) |
|
2. | Жобаның бағыты
(осы ереженің 4.2. б. сәйкес «Birgemiz: Asyl мura» жалпыұлттық жобасының басым бағыттарының |
бірін таңдаңыз) | ||
3. | Жобаның мақсаты
(Сіздің жобаңыз не үшін қажет? Сіздің елді мекеніңізде қандай әлеуметтік мәселені шешеді?) |
|
4. | Жобаны іске асыру аумағы | |
5. | Жобаның мақсатты тобы
(Сіздің жобаңыздың пайдасы кімге тиеді?) |
|
6. | Жоспарланған мақсатты топтың сандық қамтылуы
(Сіздің жобаңыз қанша адамға пайдалы бола алады? Нақты санды көрсетіңіз) |
|
7. | Жоба бойынша қызметтің қысқаша сипаттамасы. Жоба бойынша іс- шаралар тізбесі
(Сіз жобаны іске асыру үшін не істейсіз? Сіз оны қалай жасай аласыз? Қандай іс-шаралар өткізесіз?) |
|
8. | Жоба бойынша серіктестер
(Жобаны кіммен іске асырасыз? Кімнен көмек сұрайсыз? Кімді тарту керек? Сіз серіктес ретінде қандай ұйымдар мен мекемелерді тартуды жоспарлап отырсыз? Серіктестердің атауын көрсетіңіз) |
|
9. | Күтілетін нәтижелер және жобаның әлеуметтік әсері
(Нәтижесінде не аласыз? Жергілікті халық үшін сіздің жобаңыз қандай пайда әкеледі? Жоба жүзеге асырылғаннан кейін сіздің өңіріңізде қандай өзгерістер болады?) |
|
10. | Жобаның жалпы құны (теңгемен) (Жобаны іске асыру үшін қанша ақша қажет?) | |
11. | Жобаның тұрақтылығы (Қаржыландыру аяқталғаннан кейін жобаны жалғастыра аласыз ба? Жобаны қалай жалғастыруды жоспарлайсыз?) | |
12. | Қоғамды ақпараттандыру
(Адамдар сіздің жобаңыз туралы қалай біледі? Жоба туралы ақпаратты қайда орналастырасыз? Мүмкіндігінше атауын көрсетіңіз). |
|
13. | Әлеуметтік жобаның тәуекелдері
(Жоба барысы мен нәтижесіне |
қандай қауіп-қатерлер әсер етуі мүмкін? Сіз ықтималдықты және мұндай салдарларды азайтуды қалай
жоспарлайсыз?) |
|||||
14. | Жобаны іске асыру жоспары | ||||
№ | Іс-әрекет / іс- шара | Жоспарланған мерзім | Қатысушылар | Топтың жауапты мүшесі | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
15. | Жобаның бюджеті | ||||
№ | Шығыстар бабы | Саны | Бағасы | Сомасы | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
Өтінімге келесі құжаттар қоса берілуі тиіс:
- қолы қойылған байқауға қатысуға өтінімді ұсыну туралы ілеспе хат (бар болса): жеке тұлғалар үшін – еркін нысанда, заңды тұлғалар үшін – ұйымның мөрі қойылған ресми бланкісінде;
- ұсыным хаттар (бар болса);
- жобаның презентациясы, жоба туралы бейне (бар болса).
Байқау қорытындылары жарияланғаннан кейін әлеуетті грант алушылар келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:
Жеке тұлғалар, бастамашыл топтар үшін:
- жеке куәліктің сканерленген нұсқасы;
- шоттың 20 таңбалы нөмірінің болуы туралы қолы және мөрі бар банкттік анықтаманың сканерленген нұсқасы;
- борышкерлер тізілімінде жоқ екендігі туралы салық органынан мәліметтер;
- іске асырудың егжей-тегжейлі жоспары;
- жоба бойынша егжей-тегжейлі смета.
Үкіметтік емес ұйымдар үшін:
- заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген ұйым жарғысының сканерленген нұсқасы;
- егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер болмаған жағдайда, құрылтай шартының сканерленген нұсқасы;
- заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің/анықтаманың сканерленген нұсқасы;
- ұйымға қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының (i) банк шотының болуы туралы және (ii) конкурс аяқталған күннен бір айдан бұрын берілген міндеттемелердің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы қол және мөр қойылған сканерленген нұсқасы;
- өтінім берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақытқа салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешек жоқтығы туралы тиісті салық органының белгіленген үлгідегі анықтамасының сканерленген нұсқасы. Анықтама шартқа қол қойылған күнге дейін 10 күннен ерте алынбауы тиіс;
- жобаны іске асырудың егжей-тегжейлі жоспары;
- жоба бойынша егжей-тегжейлі смета.
Қосымша 2
ЖОБАНЫ БАҒАЛАУ НЫСАНЫ
Шартқа сәйкес бағалау шкаласы: 0-5 ұпай (бүтін сандар): | |||
Өтінім нөмірі: | 0 ұпай | сәйкес емес | |
Жобаның бағыты: | 1-2 ұпай | әлсіз сәйкестік | |
Комиссия мүшесінің аты- жөні: | 3 ұпай | қанағаттанарлық сәйкестік | |
Қолы: | 4 ұпай | жақсы сәйкестік | |
Күн: | 5 ұпай | үздік сәйкестік |
№ т/п | Бағалау шарттары | Баға
(0-5 ұпай) |
Өлшенген ұпайлар (ұпай*өлшемінің үлес салмағы %) |
1. | Халықтың волонтерлік қызметке тартылуы | ||
2. | Мақсатты аудиторияның қажеттіліктеріне сәйкестігі және өңірдің міндеттерін шешу тиімділігі | ||
3. | Жобаның болашақтағы жүйелілігі мен өміршеңдігі | ||
4. | Жобаны орындау жоспарының нақтылығы мен ұтымдылығы | ||
5. | Бюджеттің орындылығы мен негізділігі | ||
Өлшенген ұпайлардың жалпы сомасы: |