Батыс Қазақстан облысының қоғам белсенділері ҮЕҰ-ны гранттық қаржыландыру мүмкіндіктерін талқылады

Жарияланған күні: 20.11.2023


Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма төрағасы Лима Диас жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды. Іссапар барысында өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың басшыларымен, өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.

Кеңес кезінде қолданыстағы ҮЕҰ-ға гранттарды ұсынудың тетігінің артықшылықтары мен кемшіліктері талқыланды.

Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар орталықтың, жалпы гранттық қаржыландыру жүйесінің жұмысын жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты.

Лима Диас кездесуге қатысушыларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.

 

 

Іс-шара соңында Орталықтың әлеуетті грант алушылары үшін гранттарды ұсыну жөніндегі конкурстарға өтінімдер беруге қатысты консультациялық көмек көрсетілді, оқыту семинарлары өткізілді.