БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ

Талаптар:

Жоғары білім (журналистика, жарнама және PR, халықаралық қатынастар немесе филология);

Кәсіби салада кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі;

Толық жұмыспен қамту;

Қазақ және орыс тілдерін жетік білу.

Міндеттері:

  • Қоғамның интернет-ресурсында гранттардың іске асырылуы туралы ақпаратты, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың өз қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есебін орналастыру
  • Гранттарды іске асыру шеңберінде іс-шараларды ақпараттық жариялауды жүзеге асыру;
  • Қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен және журналистермен кездесулерді, іс-шараларды (жиналыстар, есепті кездесулер, баспасөз конференциялары) ұйымдастыру, келісу және өткізу, БАҚ үшін іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
  • Қоғам қызметін жариялау бойынша ай сайынғы медиа-жоспар әзірлеу және оны іске асыруды қамтамасыз ету;
  • Қоғам қызметі туралы ақпаратты дайындау және тарату;
  • Қоғамның интернет-ресурсын және әлеуметтік желілерін жүргізу және олардың контенттік толтырылуын қамтамасыз ету;
  • Жарнамалық, консалтингтік агенттіктермен, қоғаммен байланыс агенттіктерімен, баспалармен, басқа кәсіпорындармен және ұйымдармен байланысты ұйымдастыру және қолдау;
  • БАҚ-қа Қоғам қызметі туралы жаңалықтар мен басқа да маңызды ақпарат беру, жарияланымдардың дайджесттерін дайындау;
  •  Баспасөзде, әлеуметтік желілерде, теледидарда немесе радиода пайда болатын материалдарды бақылау;
  • Қоғам ұйымдастыратын көрмелерге, презентацияларға немесе өзге ұйымдармен бірлесіп ұйымдастырылатын акцияларға қатысу;
  • Жаңалықтарды жариялау, ресми мәлімдемелер жасау және теріске шығару;
  • Қоғамның қоғаммен байланыс саласындағы саясатын түзету бойынша шаралар ұсыныстарын ұсыну;
  • Қоғамның PR-стратегиясын әзірлеу және іске асыру;
  • Қоғам мен БАҚ арасында меморандумдар жасасу жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;
  • Жұртшылықпен екіжақты байланысты қамтамасыз ету;
  • Шетелдік сапарларда қызметкерлер мен басшылыққа ақпараттық қолдау көрсету;
  • Қоғамнан шығатын ақпараттық хабарламалардың сипаты мен мазмұнын анықтау;
  • Жұртшылық пен БАҚ өкілдерінің сұрақтарына толық және дәлелді жауаптар беру, түсірілімге қатысу, сұхбат;
  • Қоғам мен басқарудың оң имиджін сақтау.
  • Баспасөз хабарламаларын, пресс-релиздерді, сәттілік тарихын, мақалаларды дайындау және насихаттау;
  • Қоғам қызметін жалпы ақпараттық сүйемелдеуді жүргізу;
  •  Өз білімі мен кәсіби құзыреттілігін жетілдіру үшін үздіксіз кәсіби дамуды қолдау;
  •  Қоғамның сыртқы имиджі туралы ақпарат жинау;
  • Қоғам мен Басқарма имиджін қалыптастыратын түрлі PR-акцияларды әзірлеу, жарнама жасау;
  •  Жұртшылықпен және БАҚ-пен өзара іс-қимылдың нысандары мен әдістерін таңдауды жүзеге асыру