Барлық мүдделі тұлғалардан конкурс комиссиясының бақылаушысы болуын сұраймыз

Жарияланған күні: 08.02.2022


Достар!
25 ақпанда мемлекеттік грант ұсыну жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өткізіледі деп жоспарлануда.
Гранттар ұсыну және олардың іске асырылу мониторингін жүзеге асыру қағидаларының 32-тармағына сәйкес сараптама комиссиясының отырыстарына байқаушылар ретінде ҮЕҰ, БАҚ, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері дауыс беру құқығынсыз қатыса алады.
Осыған орай барлық мүдделі тұлғалардан конкурс комиссиясының бақылаушысы болуын сұраймыз.
Отырысқа байқаушы ретінде қатысу үшін 17 ақпан сағат 18:00-ге дейін 11-қосымшаға сәйкес толтырылған өтінімді ұсынуға немесе Оператордың info@cisc.kz электрондық поштасына жіберуге болады.

https://cisc.kz/wp-content/uploads/2022/02/prilozhenie-11.pdf