Азаматтық қоғам құру: Шымкент жастарының қала дамуындағы рөлі

Жарияланған күні: 13.09.2024


Шымкентте “Азаматтық қоғам құру: сарапшылардың көзімен” тақырыбында пікірталас кездесуі өтті. Іс-шара Azamattyq basqaru жобасы аясында қаланың Ішкі саясат басқармасы мен Бірыңғай грант операторының қолдауымен өтті.

Қоғамдық-саяси институттардың өкілдері мен қаланың белсенді жастары жас ұрпақтың азаматтық қоғамды дамытуға қалай белсенді қатыса алатынын талқылады.
Спикерлер мұндай пікірталастар проблемаларды анықтауға ғана емес, оларды шешудің жолдарын табуға да көмектесетінін атап өтті, өйткені жастар-біздің қоғамның болашағы.