Азаматтық бастамаларын қолдау орталығы мен Ресей Президентінің гранттық қоры ынтымақтастық стратегиясын әзірлеу бойынша келісімге келді

Жарияланған күні: 31.05.2021


Қазақстанның Азаматтық бастамаларын қолдау орталығы мен Ресей Президентінің гранттық қоры ҮЕҰ-на гранттық қаржыландыру және азаматтық қоғамды дамыту саласында ынтымақтастық стратегиясын әзірлеу бойынша келісімге келді.

28 мамыр күні Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басшылығы мен Ресей Федерациясының президенттік гранттар қоры арасында онлайн-кеңес өтті.

Кеңеске «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» Басқарма төрағасы Лима Диас, Президенттік гранттар қоры бас директорының орынбасары Иннокентий Дементев, “Солтүстік-Оңтүстік” Саясаттану орталығының атқарушы директоры Анжелика Трапезникова, “Қазақстанның Азаматтық Альянсы” ЗТБ президенті Бану Нұрғазиева қатысты.

 

Кеңес барысында тараптар өзара тиімді ынтымақтастық, ҮЕҰ гранттық қаржыландыру және қолдау саласында тәжірибе алмасу, Қазақстандық және Ресейлік сарапшылардың қатысуымен пікірталас және білім беру алаңдарын құру туралы уағдаласты.

 

Іс-шараны “Қазақстанның Азаматтық Альянсы” ЗТБ және “Солтүстік-Оңтүстік” саясаттану орталығы ұйымдастырды.