Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма төрағасы тағайындалды

Жарияланған күні: 24.10.2023


Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Лима Диас Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрағасы болып тағайындалды.

ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Кадиров Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ұжымына Басқарма төрағасын таныстырды.
«Әр жылдары Лима Диас Samruk – KazynaTrust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының басқарушы директоры-ресми өкілі, «Қазақстанның Азаматтық альянсы» ЗТБ директоры, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің штаттан тыс кеңесшісі, сондай-ақ АБҚО Басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған», – деп атап өтті Данияр Кадиров.

Сөз соңында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Орталықтың ұжымын келе жатқан Республика күнімен құттықтап, еңбекте мол табыс тіледі.
Айта кетейік, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығында Басқарма төрағасының қабылдауына жазылу ашық. Жазылу мына телефон нөмірі арқылы жүргізіледі: 8 (7172) 79-08-24.