Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма төрағасы әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру барысымен танысты

Жарияланған күні: 27.09.2021


Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма төрағасы әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру барысымен танысты

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма төрағасы Лима Диас  жұмыс сапарымен Алматыда болды. Іс-сапар барысында ол үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, орталық іске асыратын жобалар бойынша бірқатар сұрақтарды талқылады.

Кездесуге «Азаматтық бастамалар орталығы» ҚБ, «Қазақстан Волонтерлері лигасы», ҚҚ «Қазақстанның тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері институты» ҚҚ, «Janym» ҚБ, «Әлеуметтік талдау және ынтымақтастық орталығы» ҚҚ, «Жергілікті қоғамдастықтардың тұрақты дамуы» ҚҚ, «Дағдарыс орталықтарының одағы» ЗТБ, «Жастар үні» ҚБ өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында тараптар «ҮЕҰ академиясы», «Халықтың денсаулық сақтау жөніндегі сауаттылық деңгейін көтеру және инфекциялық емес аурулардың қауіпті факторларымен күресу», «Birgemiz Ayala», «Жастар арасында суицидтің алдын алу бойынша шаралар кешенін дайындау және іске асыру», «Дағдарыс орталықтарының қызметін жетілдіру, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және агрессорлармен жұмыс жөнінде шараларды әзірлеу және іске асыру», «Жастар арасында ұрпақ жаңғырту жолында денсаулығын сақтау мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсету», «Қазақстанның ҮЕҰ арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті ынталандыру және танымал ету», «Гендерлік қажеттіліктер мен қажеттіліктердің картасы: этностықтың, өңірдің және кластардың әсері, «Жастардың психикалық денсаулығына жәрдемдесетін жобаларды іске асыру», «Қаржылық сауаттылың отбасынан басталады» (онлайн жоба), сонымен қатар «Қылмыстық жазасын өтеген жастар қатарындағы адамдарды оңалту және бейімдеу бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу» сынды жобалардың аралық нәтижелерін талқылады. Бұдан бөлек, диалог барысында негізгі бағыттар, сондай-ақ одан әрі серіктестіктің даму келешегі жөнінде айтылды.

«ҮЕҰ Академиясы» жобасының үйлестірушісі Ирина Веговская ҮЕҰ өкілдерін оқыту жүйесін құру бойынша іс-шаралардың аралық нәтижелерін айтып берді. Оның сөзінше, қазіргі таңда әлеуметтік кәсіпкерліктің «Өрелі ұрпақ» онлайн-мектебін ұйымдастыру бойынша жұмыстар аяқталып, азаматтық сектор тренерлерін даярлау, қашықтықтан және мобильді оқыту үшін әдістеме мен платформаны дайындау жұмыстары жалғасуда.

«Бүгінгі таңда біз digital-тренерлерді даярлап жатырмыз. Оқытудан 47 адам өтеді. Онлайн сабақтар қазақ және орыс тілдерінде қатар жүреді. Дәл қазір 32 сабақ өткізілді. Әрбір тренер оқу аяқталғанда тренингтер өткізудің егжей-тегжейлі бағдарламасын дайындайды.

Одан бөлек, біз моблильді қосымша құру бойынша жұмысты іске асырамыз. Онда екі тілде екі бағыт болады. Біріншісі – әлеуметтік кәсіпкерлік, екіншісі – ҮЕҰ академиясы. Оған тіркелген адам көлемді материалдарға сілтеме ала алады. Енді біз бейнематериалдарды, лонгридтерді, яғни мәтіндік бөлімді жүктейміз. Қазіргі уақытта әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша материалдар толығымен жүктелген.

Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінде 169 адам оқыды. Оларға сертификаттар берілді. Бұл оларға өздерінің бизнес идеяларын жүзеге асырып қана қоймай, сондай-ақ әлеуметтік осал санаттағы адамдарға көмектесулеріне мүмкіндік береді» – деп хабарлады жоба үйлестірушісі.

Ал дағдарыс орталықтарының қызметін жетілдіру және жастар арасында суицидтің алдын алу жөніндегі жобаларды жүзеге асыру шеңберінде өткізілген негізгі іс-шаралар туралы «Қазақстанның тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері институты» ҚҚ президенті Маргарита Өскенбаева хабардар етті. Оның айтуынша, қазіргі таңда елімізде агрессорлармен жұмыс істеу туралы нұсқаулық әзірленуде.

«Біз ауылдағы әйелдер қауымы, кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін полиция инспекторлары үшін тренингтер өткізіп, осы нұсқаулықтың жобасын талқыладық. Бұл процеске ІІМ белсенді қатысты. Біз осы жұмысты  2-3 айдың ішінде аяқтадық. Жақында нұсқаулықтың өзін таныстыратын боламыз.

Сонымен қатар біз алғаш рет барлық өңірлердегі дағдарыс лорталықтарына мониторин жүргізе алдық. Біз еліміздегі көмекке мұқтаж барша әйелдің қиын жағдайда қайда жүгінуге болатынын білгенін қалаймыз. Сондай-ақ жергілікті жерлерде агрессорлармен іс-шаралар өткізуді жоспарлап отрымыз. 500-ге жуық агрессор қамтылады», –Маргарита Өскенбаева.

«Қазақстанның тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері институты» ҚҚ қазіргі уақытта республика үшін алғаш рет суицидтің алдын алу жөнінде профилактикалық іс-шараларды жетілдіру бойынша кәсіби ұсынымдар, «ҚР өңірлерінде жастар арасында суицидтің алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралардың сапасын бағалау атласы» және жас адамның әлеуметтік-психологиялық саламаттылық индексін әзірлеуде.

Жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған «Birgemiz: Ayala» жобасының SMM-менеджері Альфия Хайбулина Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрағасын аралық қорытындылармен таныстырды. Жобаны «Қазақстан Волонтерлер лигасы» ҚҚ жүзеге асырады. Альфия Хайбулина жобаның алдағы міндеттеріне арнайы тоқталды.

«Біздің алдымызда зооволонтерлерді барынша көп жұмылдыру, оларға тренингтер өткізу, сондай-ақ ең үздік тәжірибелер жинағын шығару міндеті тұр. Онда барлық өңірлер бойынша жануарларға адамгершілік қарым-қатынасты қалыптастыру бойынша барлық керекті ақпарат қамтылады. Жинақтың көмегімен кез келген тұрғын әр аймақтағы пана орындарға қалай көмектесуге болатындығы туралы біле алады. Сондай-ақ, біз пана орындардың ортақ базасын жасаймыз.

Көрмелерден, флешмобтар мен жануарларға адамгершілікпен қарауға шақыратын акциялардан басқа, біз елорда тұрғындары үшін шағын грант аясында жақын арада ветеринардың кемінде 100 қызметін тегін алуға мүмкіндік береміз», –  деді ол.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма төрағасы Лима Диастың айтуынша, кездесу жобалардың аралық қорытындысын талқылау алаңына айналып қана қоймай, сондай-ақ диалогтың арқасында тараптар үкіметтік емес ұйымдар жұмыс кезінде тап болатын мәселелерді шешу жолдарын да ойластырды.

«Кездесулер грант алушылармен тығыз қарым-қатынас орнату үшін ғана емес, олар өз жұмысында қандай қиындықтарға тап болатынын білу үшін де өткізілді. «Әлеуметтік жобалар – бұл қоғам үшін елеулі әрі өзекті мәселелерді шешудегі өте үлкен еңбек. Сондықтан азаматтық бастамаларды қолдау орталығы үшін жобаларды іске асыру кезінде туындап жатқан барлық ішкі нюанстарды білу өте маңызды.

Біз операторлар секілді ҮЕҰ-ға көмектесіп, оларға жұмыс істеу үшін қолайлы жағдай жасап, белгіленген міндеттер мен мақсаттарға қол жеткізу үшін ұсыныстар беруіміз керек.

Пікір алмасу барысында біз барлық мәселелерді талқылап қана қоймай, оларды шешу жолдарын ойластырдық, басты бағыттарды, сондай-ақ ынтымақтастықтың ары қарайғы даму ауқымын талқыладық»,  – деп қорытындылады ол.