Жарияланған күні: 29.12.2021
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ-да ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілеповтың төрағалығымен Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында Директорлар кеңесінің мүшелері Орталықтың 2021 жылғы қызметінің алдын ала қорытындылары жөніндегі есепті тыңдады.
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ Директорлар кеңесі отырысында Орталық қызметінің негізгі бағыттарына қатысты бірқатар мәселелер қаралды. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма төрағасы Лима Диастың атап өтуінше, Орталық өз жұмысының барлық аспектілері бойынша оң бағаға ие.
«Соңғы үш жылдың қорытындыларымен салыстырғанда, Орталық алғаш рет жылды мемлекетке залал келтірмей аяқтамақ. Мұндай нәтижелерге қызметкерлер құрамының оңтайландырылғанына қарамастан қол жеткізілгенін атап өту керек. Біздің ұжым күн сайын гранттық қаржыландыру тетіктерін жетілдірумен айналысады. Біз АБҚО жұмысының барлық аспектілері бойынша кері байланысқа ие болдық. Осы ретте біз өз алдымызға процедураларды мүмкіндігінше ыңғайлы, түсінікті, әділ әрі ашық ету міндетін қойдық», – деді Лима Диас.
Шара аясында Орталықтың Басқарма төрағасы мемлекеттік емес гранттық қаржыландыруды дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың қорытындыларына да ерекше тоқталды. Оның айтуынша, жыл бойы осы бағытта жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Орталық айтарлықтай көрсеткіштерге қол жеткізген.
«2021 жылы Орталық алғаш рет бюджеттен тыс қаражат есебінен ҮЕҰ-ға мемлекеттік емес гранттарды ұсына бастады. Жалпы сомасы 43,1 млн теңгені құрайтын мемлекеттік емес гранттар «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік даму қорының, «Әлеуметтік маңызды бастамаларды дамыту қоры» жеке қорының және «Медиа Дамыту Qory» корпоративтік қорының қолдауымен берілді. Сонымен қатар, желтоқсан айында 1 млн теңге мөлшеріндегі шағын гранттар есебінен Қазақстанның 30 ауыл мектебін дамытуға бағытталған гранттық жоба өз мәресіне жетті. Ол еліміздің мұғалімдері мен оқушылары тарапынан оң бағасын алған-ды.
Сонымен қатар, биыл әлеуметтік жобаларды қаржыландыру көздерін әртараптандыруды жеңілдету мақсатында КЕҰ-ға корпоративтік сектордан демеушілік көмекті тарту арқылы қолдау көрсете бастадық. Осылайша, әлеуметтік бастамаларға «Қазақмыс» ЖШС, ERG Eurasian Group және «Сбербанк» АҚ-дан 13 млн теңге тартылған болатын», – деп мәлімдеді Лима Диас.
Мұнымен қоса, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ағымдағы жылы жақын және алыс шетелдердегі ұйымдармен ынтымақтастық орнатты. Осылайша, Орталық басшылығы 2021 жылы Украина мен Ресей Федерациясының ұйымдарымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.
Орталық басшылығы, сондай-ақ, Брижит Бардо Қоры, Қазақстандағы USAID кеңсесі, Қазақстандағы Канада елшілігі, Қазақстандағы Италия елшілігі, БАҚ мәселелері жөніндегі Әзірбайжан Республикасының делегациясы, Қазақстандағы ЕҚЫҰ кеңсесі, Қазақстанның ABA Roli, РФ президенттік гранттар қоры сияқты халықаралық ұйымдармен бірқатар кездесулерді өткізді. Тараптар қазақстандық үкіметтік емес секторды КЕҰ-ның әлеуетін арттыру, өзара тәжірибе алмасу және сараптамалық қолдау арқылы дамыту туралы келісті. Сонымен қатар, жобалардың әлеуметтік әсерін күшейту және тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында аталмыш ұйымдармен бірлесіп, Орталықтың гранттық жобаларын қаржыландыру мүмкіндігі жеке қарастырылуда.
«Тұтастай алғанда, біз өз әлеуетімізді нығайтып, бизнес-сектор мен халықаралық ұйымдардың өкілдері сияқты серіктестеріміздің желісін кеңейте алдық. Келесі жылы халықаралық ұйымдармен бірлесе жүзеге асыратын бастамаларымыздың аясында иөзара тиімді ынтымақтастықты нығайту бағытындағы жұмысты жалғастырамыз», – деп түйіндеді ол.
Шара соңында Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелері стратегиялық маңызы бар бірқатар шешім қабылдап, алдағы 2022 жылға жоспарларды белгіледі.
Айта кетейік, Орталықтың 2021 жылғы жұмысының қорытынды нәтижелеріне арналған Директорлар кеңесінің отырысы келесі жылдың қаңтарында өткізіледі деп жоспарланып отыр.