Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ҮЕҰ үшін мемлекеттік грант беру конкурсының қорытынды нәтижелерін шығарды

Жарияланған күні: 23.07.2021


Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ҮЕҰ үшін мемлекеттік грант беру конкурсының қорытынды нәтижелерін шығарды.
Өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізетін сараптама комиссиясының құрамына 25 адам іріктелді. Сарапшылар грант алушыларды іріктеу мақсатында 52 үкіметтік емес ұйымнан түскен 86 өтінімге тәуелсіз сараптама жүргізіп 22 тақырып бойынша жеңімпаздарды анықтады.
Оң шешім алған өтінімдердің 27%-ы қазақ тілінде.
Байқау қорытындысы бойынша “birgemiz: Saulyq” жалпыұлттық жобасын “Медицина Жастары” РҚБ, ал “birgemiz: Taza Alem” жалпыұлттық жобасын Қызылорда облысының “Жас Ұлан “бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы” ҚБ жүзеге асырады.
“Жергілікті қоғамдастықтардың орнықты дамуы” қоғамдық қоры “гендерлік мұқтаждықтар мен қажеттіліктер картасын: этностықтың, өңірдің және сыныптың әсерін” әзірлейтін болады.
Конкурстың толық нәтижелерімен сараптама комиссиясының хаттамасының үзінді көшірмесінен төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады: https://cisc.kz/ru/2021/05/06/vypiska-iz-protokola-%e2%84%96-3/.
Сараптамалық комиссияның отырысы Орталықтың Facebook-тегі парақшасында көрсетілді. Отырыс жазбасы https://www.facebook.com/cisc.kz/videos/235138341765164 сілтеме бойынша қолжетімді.

Конкурс жеңімпаздарын құттықтаймыз!