«АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КЕАҚ
ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАР БЕРУ
КОНКУРСЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ
- Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Орталық) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жыл 31 желтоқсандағы № 1192 қаулысына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласы бойынша оператор болып табылатын коммерциялық емес ұйым.
- Конкурс жөнінде
Орталық Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Ішкі саясат бөлімінің қолдауымен үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттарды ұсыну қайта конкурсын жариялайды. Конкурс Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, грант және сыйлықақылар туралы» Заңына, ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №413 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларының 34 т. 1 т. (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес Маңғыстау облысында азаматтық бастамаларды қолдап, әлеуметтік саланың дамуындағы өзекті проблемаларды шешуге азаматтық институттар әлеуетін тарту үшін ұйымдастырылады.
Мемлекеттік гранттарды алу конкурсына қауқарсыз деп танылған (банкрот), мүлкі қамауға алынып, қаржылық әрекеті тоқтатылған, тарау үдерісінде тұрған ҮЕҰ-дан өзге, гранттарды алу үшін өтінім жасаған, ҮЕҰ-дың мәліметтер базасында мәліметтері бар және конкурсқа қатысуға Қағидалармен бекітілген талаптарға сәйкес келетін өтінім ұсынған ҮЕҰ қатыса алады.
Мемлекеттік гранттар беруге арналған қайта Конкурс мынадай тақырып бойынша жарияланады:
№ | Грант тақырыптары | Жобаның мақсаты | Міндеттері
(жобаның негізгі бағыттары) |
Іске асыру мерзімі | Аумақтық қамтылуы | Бөлінген қаражат көлемі (мың теңге) | Жобаны іске асырудан күтілетін нәтиже |
1 | Мұнайлы ауданында үкіметтік емес ұйымдарының ресурстық орталығының қызметін ұйымдастыру | Ауданның ҮЕҰ әлеуетін күшейту | Ауылдық ҮЕҰ, ынталы топтардың рөлін арттыру, халықтың өзара іс-қимылын нығайту, Мұнайлы ауданындағы жергілікті билік органдарымен тиімді қарым-қатынас орнату | 2022 жылғы мамыр -қараша | Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы | 2 694 | Әлеуетті өнім беруші немесе – оның ресми өкілі осы жобаның іске асу мерзімінде Мұнайлы ауданында үнемі болуы керек;
Жұмыс жоспарын тапсырыс берушімен келісу және бекіту; Осы жобаның жүзеге асуы жөнінде халықты хабардар ету (ҮЕҰ кездесу ұйымдастырып әлеуметтік желіге жариялау) Мұнайлы аудандық Қоғамдық Кеңесі жанынан құрылған «Әйелдер клубы» жұмысын ұйымдастыру; -Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы, Қазақстанның жетістіктерін таныстыру, тұрғындар арасында ақпаратттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру; Отбасылық құндылықтарды нығайту үшін халық арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу және зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша шаралар ұйымдастыру; Азаматтық қоғам өкілдерінің, мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өмірдің түрлі салаларындағы қазақстандық әйелдердің жетістіктерін, адамгершілік құндылықтарын насихаттау бойынша кең көлемде ұйымдастырушылық және практикалық іс-шараларды өткізу (семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер және т.б.); Ауданның әлеуметтік-саяси өміріне елеулі үлес қосқан әйелдер туралы мақалалар дайындап, әлеуметтік желіге және газетке шығару; Жоғары сынып оқушылары және жас аналар арасында ертежүктіліктің алдын -алу бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары мен психологиялық тренингтер ұйымдастыру; Аудан тұрғындарына, сонымен қатар ауданның үкіметтік емес ұйымдарына консультативтік қызметтер көрсету; Аудандағы Үкіметтік емес ұйымдардың ҮЕҰ дерекқорына уақытылы мәлімет тапсыруына ықпал ету және аталған мәселе бойынша Мұнайлы аудандық ішкі саясат бөлімімен тығыз жұмыс жүргізу; Ауданның өзекті мәселелерін анықтау және оларды шешу жолдарын көрсете отырып, тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ұсынымдар дайындау ; Жергілікті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тиімді және құрылымдық өзара іс-қимыл орнату, сондай-ақ, олардың ұйымдастырған іс-шаралары мен кеңестік –жиын жұмыстарына қатысу; Аудандық «Мерейлі отбасы – 2022» конкурсын ұйымдастырып өткізу. Конкурс тиісті деңгейде жүргізіліп, ауданнан отбасылар қатыстырылып, іріктеу кезеңінен облыстық кезеңге ауданнан отбасы ұсынылуы тиіс; Жүлде қоры 1-ші орын-50 000 теңге; 2-ші орын-30 000 теңге; 3ші орын-20 000 теңге; Ауданда «Асыл әже» конкурсын ұйымдастырып, облыстық кезеңге дайындау; Тапсырыс беруші тарапынан ұсынылған қажетті полиграфиялық және типографиялық өнімдерді шығару; Тапсырыс берушіге жүргізілген жұмыстар негізінде ай сайын және жоба аяқталуына байланысты қорытынды есеп ұсыну; (есептермен қоса жүргізілген жұмыстар бойынша фотосуреттер және әлеуметтік желілерге жарияланып отырғандығы туралы скриншоттар ) |
ЖИЫНЫНДА | 2 694 |
Оператор мынадай жағдайларда конкурсқа қатысуға қабылдаудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарламаны жолдайды:
1) Қағида талаптарына өтінімнің сәйкес келмеуі анықталғанда;
2) өтінім бекітілген Жоспарға сәйкес келмегенде;
3) Заңның 6-1-бабының 3-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтінім беруші туралы мәліметтер болмағанда;
4) грант тақырыбының өтінім берушінің Жарғысындағы қызметінің мәніне, мақсаты мен түрлеріне сәйкес келмегенде.
Бекітілген Жоспармен көзделген гранттың бір немесе бірнеше тақырыбына сәйкес келесі негіздемелердің бірі бойынша:
грант тақырыбы бойынша конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдердің болмауы;
егер грант тақырыбы бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдердің бір де біреуі жіберілмесе;
егер грант тақырыбы бойынша конкурстық комиссияның бағалауына ұсынылған өтінімдердің бір де біреуі балдың ең жоғарғы қорытынды санынан 50 (елу) пайыздан жоғары балл алмаса, конкурс өткізілмеді деп танылады.
- Өтінімдерді қабылдау мерзімі. Өтінімдер жолданатын пошта мекен-жайы және электрондык пошта.
Өтінімдерді қағаз нұсқада немесе электронды тасымалдағышта Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр даңғылы, 11/5, «Нұрлы Орда» БО, 5 қабат немесе grants@cisc.kz электрондық поштасына жіберу қажет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
ӨТІНІМДЕР ОПЕРАТОРҒА 2022 ЖЫЛҒЫ «18» СӘУІРДЕН БАСТАП «18» СӘУІР АРАЛЫҒЫНДА НҰР-СҰЛТАН УАҚЫТЫ БОЙЫНША САҒАТ 18:30-ГЕ ДЕЙІН ЕНГІЗІЛЕДІ.
КӨРСЕТІЛГЕН МЕРЗІМНЕН КЕЙІН, ОНЫҢ ІШІНДЕ ПОШТА БАЙЛАНЫСЫ АРҚЫЛЫ ЕНГІЗІЛЕТІН ӨТІНІМДЕР ҚАРАЛМАЙДЫ.
Оператор қызметкерлерінің өтінімдерді қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма күндері аралығы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 9.00-ден 18.30-ге дейін (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін).
- Өтінім беруші конкурсқа қатысу үшін өтінімді келесі тәсілдердің біреуімен енгізеді:
қағаз жеткізгіште, пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол, тігілген және мөрмен, бірінші басшының қолымен бекітіп grants@cisc.kz электрондық поштаға өтінімді міндетті түрде қайталай отырып, таңдалған грант тақырыбын, өтінім берушінің атауы мен байланыстарын көрсетіп PDF және MS Word форматында WinRar, WinZip файлында мұрағаттап жіберу;
электрондық тасымалдағышта PDF және MS Word форматында WinRar, WinZip файлында мұрағаттап қолма-қол немесе пошта байланысы арқылы grants@cisc.kz электрондық поштаға өтінімді міндетті түрде қайталай отырып, таңдалған грант тақырыбын, өтінім берушінің атауы мен байланыстарын көрсетіп жіберу;
электрондық форматта grants@cisc.kz электрондық поштаға таңдалған грант тақырыбын, өтінім берушінің атауы мен байланыстарын көрсетіп, мөрмен, бірінші басшының қолымен бекітіп PDF және MS Word форматында WinRar, WinZip файлында мұрағаттап жіберу.
- Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) осы хабарландырудың 5-қосымшасына cәйкес нысан бойынша үкіметтік емес ұйымдарға грантты беруге арналған конкурсқа қатысуға өтініш;
2) осы хабарландырудың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы;
3) осы хабарландырудың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің әлеуеті туралы мәліметтер;
4) осы хабарландырудың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынылып отырған әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұны (осы қосымшаны толтыру кезінде жобаның мақсаттары, күтілетін нәтижелер, іске асыру мерзімі және жобаның аумақтық қамтылуы Грант жоспарына қатаң сәйкес келуі керек);
5) грантты іске асыруға, оның ішінде материалдық-техникалық қамтамасыз етуге арналған болжамды шығыстардың сомаларын көрсете отырып, осы хабарландырудың 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыру жөніндегі шығыстар сметасын (әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама сомасына белгіленген 10 (он) пайыздан аспайтын шеңберде). Материалдық-техникалық қамтамасыз ету деп жөндеу мен құрылыстың ағымдағы және күрделі нысандарын, жылжымайтын мүлікті сатып алуды қоспағанда, ұйымды дамытуға бағытталған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу түсініледі;
6) құрылтай құжаттарының көшірмелері (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, оған барлық өзгерістері мен толықтырулары бар жарғы, құрылтай шарты (болған жағдайда), egov сайтынан тіркелген заңды тұлға туралы анықтама, қол қоюшының жеке басын куәландыратын құжат және өтініш берушінің атынан өтінімге қол қоюға өкілеттілігін растайтын құжат, өтініш берушінің уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі не өтінімге өтініш берушінің атқарушы органының басшысы қол қоймаған жағдайда сенімхат);
7) ұйымның соңғы есепті күнгі бухгалтерлік балансы (2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша);
8) көрсетілген әріптестердің және (немесе) тартылатын мамандардың ұсынылған әлеуметтік жобаға және (немесе) әлеуметтік бағдарламаға қатысуға келісімі (гранттың тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып, шығыс нөмірі және өзекті күні бар, серіктестің фирмалық бланкісінде бірінші басшы (немесе оның орынбасары) қол қойған, ал тартылатын мамандардан, өз қолымен толтырылған хат түрінде);
9) өтiнiм берушiнiң өз салымының немесе әлеуметтiк жоба және (немесе) әлеуметтiк бағдарламаны қаржыландырудың өзге де көздерiнiң болуын растайтын құжаттар (өтініш беруші ұйымының фирмалық бланкісінде шығыс нөмірі және бірінші басшы (немесе оның орынбасары) қол қойған өзекті күні жазылған хаты түрінде. Салымның басқа көздерден болуын растайтын құжат болып қаржыландыруды ұсынатын заңды тұлғаның шығыс нөмірі бар ұйымның фирмалық бланкісінде жасалған және бірінші басшы (не оның орынбасары) қол қойған хаты болуы мүмкін, жобаға қолдау көрсететін жеке тұлғадан – өз қолымен толтырылған құжат).
Өтінім беруші құжаттардың түгел болуын және құжаттағы мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз етуі қажет.
Бір тақырып бойынша бір ҮЕҰ-нан 1 (бірден) өтінімнен артық беруге жол берілмейді.
Өтінімді толтыру кезінде жобаны іске асырудың басталу және аяқталу күні Гранттар жоспарымен бекітілгенін ескеру қажет.
- Қосымша ақпарат және кеңестер
Сараптама комиссиясының жұмысы мен іріктеу процесі туралы толығырақ «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығынан таныса аласыздар.
Оператор қызметкерлері тұрақты түрде кеңес береді. Қосымша ақпарат пен түсініктеме алу үшін Оператордың Мемлекеттік гранттық қаржыландыру бойынша жобалық кеңсесіне төмендегі байланыс номерлері арқылы хабарласа аласыздар:
Ұйымдастырушы | Телефондар |
Жобаларды басқару департаменті | (7172) 79-08-04, (7172) 79-08-03, (7172) 79-08-24, (775) 511-07-41 |
- Бекітілген ҮЕҰ арналған мемлекеттік Гранттар жоспары.
Конкурс Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Ішкі саясат бөлімі басшысының 2022 жылғы 07 сәуірдегі №01-05-12-НҚ бұйрығымен бекітілген «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар берудің 2022 жылға арналған қосымша жоспары» аясында өтеді.
Гранттар жоспары Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының өңірлік саясатының, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, Қазақстан Республикасының Президенті жолдауларының басымдықтары, сондай-ақ мемлекетік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады. Бұйрықтың көшірмесі және оның қосымшалары Маңғыстау облысының ресми сайтында орналастырылды: https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-munayli/documents/1?lang=ru