Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттар беру конкурсын жариялады

 

  1. Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор

 

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (әрі қарай – Оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жыл 31 желтоқсандағы № 1192 қаулысына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласы бойынша оператор болып табылатын коммерциялық емес ұйым.

 

  1. Конкурс жөнінде

 

Оператор Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) мемлекеттік гранттарды ұсыну конкурсын жариялайды. Конкурс Қазақстан Республикасының 12 сәуір 2005 жыл №36-III «Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, грант және сыйлықақылар туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң), ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы  №413 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес азаматтық бастамаларды қолдап, әлеуметтік саланың дамуындағы өзекті мәселелерді шешуге азаматтық институттар әлеуетін тарту үшін ұйымдастырылады.

 

Мемлекеттік гранттарды алу конкурсына дәрменсіз (банкрот) деп танылған, мүлкіне тыйым салынған және (немесе) қаржылық қызметі тоқтатылған, тарау үдерісінде тұрған ҮЕҰ-ын қоспағанда, ҮЕҰ дерекқорында мәліметтері бар, Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес грант алу үшін өтінім жасаған ҮЕҰ қатыса алады.

 

 

Оператор мынадай жағдайларда:

  • өтінім Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген;
  • өтінім «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы «22» маусымдағы № 224 бұйрығына сәйкес «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар берудің 2021 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы «24» желтоқсандағы № 419 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар берудің 2021 жылға бекітілген жоспарға (бұдан әрі – Гранттар жоспары) сәйкес келмеген;
  • Заңның 6-1-бабының 3-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтер болмаған;
  • грант тақырыбы Жарғыға сәйкес өтініш берушінің нысанасына, мақсатына және қызмет түрлеріне сәйкес келмеген жағдайларда конкурсқа қатыстыруға қабылдаудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарламаны жолдайды.

 

Бекітілген Гранттар жоспарымен көзделген гранттың бір немесе бірнеше тақырыбына сәйкес келесі негіздемелердің бірі бойынша:

1) грант тақырыбы бойынша конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдердің болмауы;

2) гранттың тақырыбы бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдердің бірде-біреуі жіберілмесе;

3) грант тақырыбы бойынша сараптама комиссиясының бағалауына ұсынылған өтінімдердің бірде-біреуі ең жоғары қорытынды балл санының 50 (елу) пайызынан астамын жинамаған кезде конкурс өтпеді деп танылады.

 

  1. Өтінімдерді қабылдаудың күні мен уақыты. Өтінімдер жолданатын пошта мекенжайы және электрондык пошта.

Өтінімдерді қағаз нұсқада немесе электронды тасымалдағышта Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр даңғылы, 11/5, «Нұрлы Орда» БО, 5 қабат және grants@cisc.kz электрондық поштасына жіберу қажет.

Өтінімдерді пошта байланысы арқылы және (немесе) қолма-қол енгізер кезде құжаттар тігіледі және өтінім берушінің бірінші басшысының немесе оның орынбасарының қолы қойылып, мөрмен (болған жағдайда) бекітіледі.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

ӨТІНІМДЕР ОПЕРАТОРҒА 2021 ЖЫЛҒЫ «24» МАУСЫМНАН БАСТАП «23» ШІЛДЕ АРАЛЫҒЫНДА НҰР-СҰЛТАН УАҚЫТЫ БОЙЫНША САҒАТ 18:00-ГЕ ДЕЙІН ЕНГІЗІЛЕДІ.

КӨРСЕТІЛГЕН МЕРЗІМНЕН КЕЙІН, ОНЫҢ ІШІНДЕ ПОШТА БАЙЛАНЫСЫ АРҚЫЛЫ ЕНГІЗІЛЕТІН ӨТІНІМДЕР ҚАРАЛМАЙДЫ.

 

Оператор қызметкерлерінің өтінімдерді қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма күндері аралығы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 9.00-ден 18.00-ге дейін (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін).

  1. Өтінім беруші конкурсқа қатысу үшін өтінімді келесі тәсілдердің біреуімен енгізеді:
  • қағаз жеткізгіште, пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол, тігілген және мөрмен, бірінші басшының қолымен бекітіп grants@cisc.kz электрондық поштаға өтінімді міндетті түрде қайталай отырып, таңдалған грант тақырыбын, өтінім берушінің атауы мен байланыстарын көрсетіп PDF және MS Word форматында WinRar, WinZip файлында мұрағаттап жіберу;
  • электрондық тасымалдағышта PDF және MS Word форматында WinRar, WinZip файлында мұрағаттап қолма-қол немесе пошта байланысы арқылы grants@cisc.kz электрондық поштаға өтінімді міндетті түрде қайталай отырып, таңдалған грант тақырыбын, өтінім берушінің атауы мен байланыстарын көрсетіп жіберу;
  • электрондық форматта grants@cisc.kz электрондық поштаға таңдалған грант тақырыбын, өтінім берушінің атауы мен байланыстарын көрсетіп PDF және MS Word форматында WinRar, WinZip файлында мұрағаттап жіберу.
  1. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) осы хабарландырудың 5-қосымшасына cәйкес нысан бойынша үкіметтік емес ұйымдарға грантты беруге арналған конкурсқа қатысуға өтініш;

2) осы хабарландырудың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы;

3) осы хабарландырудың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің әлеуеті туралы мәліметтер;

4) осы хабарландырудың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынылып отырған әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұны;

5) грантты іске асыруға, оның ішінде материалдық-техникалық қамтамасыз етуге арналған болжамды шығыстардың сомаларын көрсете отырып, осы хабарландырудың 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыру жөніндегі шығыстар сметасын (әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама сомасына белгіленген 10 (он) пайыздан аспайтын шеңберде). Материалдық-техникалық қамтамасыз ету деп жөндеу мен құрылыстың ағымдағы және күрделі нысандарын, жылжымайтын мүлікті сатып алуды қоспағанда, ұйымды дамытуға бағытталған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу түсініледі;

6) құрылтай құжаттарының көшірмелері (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, оған барлық өзгерістері мен толықтырулары бар жарғы, құрылтай шарты (болған жағдайда), egov сайтынан тіркелген заңды тұлға туралы анықтама, қол қоюшының жеке басын куәландыратын құжат және өтініш берушінің атынан өтінімге қол қоюға өкілеттілігін растайтын құжат, өтініш берушінің уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі не өтінімге өтініш берушінің атқарушы органының басшысы қол қоймаған жағдайда сенімхат);

7) ұйымның соңғы есепті күнгі бухгалтерлік балансы (2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша);

8) көрсетілген әріптестердің және (немесе) тартылатын мамандардың ұсынылған әлеуметтік жобаға және (немесе) әлеуметтік бағдарламаға қатысуға келісімі (гранттың тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып, шығыс нөмірі және өзекті күні бар, серіктестің фирмалық бланкісінде бірінші басшы (немесе оның орынбасары) қол қойған, ал тартылатын мамандардан, өз қолымен толтырылған хат түрінде);

9) өтiнiм берушiнiң өз салымының немесе әлеуметтiк жоба және (немесе) әлеуметтiк бағдарламаны қаржыландырудың өзге де көздерiнiң болуын растайтын құжаттар (өтініш беруші ұйымының фирмалық бланкісінде шығыс нөмірі және бірінші басшы (немесе оның орынбасары) қол қойған өзекті күні жазылған хаты түрінде. Салымның басқа көздерден болуын растайтын құжат болып қаржыландыруды ұсынатын заңды тұлғаның шығыс нөмірі бар ұйымның фирмалық бланкісінде жасалған және бірінші басшы (не оның орынбасары) қол қойған хаты болуы мүмкін, жобаға қолдау көрсететін жеке тұлғадан – өз қолымен толтырылған құжат).

Өтінім беруші құжаттардың түгел болуын және құжаттағы мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз етуі қажет.

Бір тақырып бойынша бір ҮЕҰ-нан 1 (бірден) өтінімнен артық беруге жол берілмейді.

Өтінімді толтыру кезінде жобаны іске асырудың басталу және аяқталу күні Гранттар жоспарымен бекітілгенін ескеру қажет.

 

  1. Қосымша ақпарат және кеңестер

Сараптама комиссиясының жұмысы мен іріктеу процесі туралы толығырақ «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығынан таныса аласыздар.

Оператор қызметкерлері тұрақты түрде кеңес береді. Қосымша ақпарат пен түсініктеме алу үшін Оператордың Мемлекеттік гранттық қаржыландыру бойынша жобалық кеңсесіне төмендегі байланыс номерлері арқылы хабарласа аласыздар:

  • Ақмола облысы – Жаксыбергенова Куралай 8 7172 72 96 56
  • Ақтобе облысы – Сарбалина Асель 8 7172 72 96 37
  • Алматы облысы – Жаксыбергенова Куралай 8 7172 72 96 56
  • Атырау облысы – Сарбалина Асель 8 7172 72 96 37
  • Шығыс Қазақстан облысы – Жаксыбергенова Куралай 8 7172 72 96 56
  • Жамбыл облысы – Галимова Айдана 8 7172 72 96 73
  • Батыс Қазақстан облысы – Сарбалина Асель 8 7172 72 96 37
  • Қарағанды облысы – Жаксыбергенова Куралай 8 7172 72 96 56
  • Қостанай облысы – Жаксыбергенова Куралай 8 7172 72 96 56
  • Қызылорда облысы – Галимова Айдана 8 7172 72 96 73
  • Маңғыстау облысы – Сарбалина Асель 8 7172 72 96 37
  • Павлодар облысы – Канахина Беназир 8 7172 72 96 54
  • Солтүстік Қазақстан облысы – Жаксыбергенова Куралай 8 7172 72 96 56
  • Түркістан облысы – Галимова Айдана 8 776 719 47 03
  • Нұрұлтан қаласы – Галимова Айдана 8 7172 72 96 73
  • Алматы қаласы – Канахина Беназир 8 7172 72 96 54
  • Шымкент қаласы – Канахина Беназир 8 7172 72 96 54

 

  1. Бекітілген ҮЕҰ арналған мемлекеттік Гранттар жоспары.

Конкурс «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар берудің 2021 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 419 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы «22» маусымдағы № 224 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар берудің 2021 жылға арналған жоспары аясында өтеді.

 

Ағымдағы конкурс осы хабарламаның 2-ші пунктінде көрсетілген Гранттар жоспарында бекітілген тақырып бойынша өткізіледі.

 

Гранттар жоспары Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, Қазақстан Республикасының Президенті жолдауларының басымдықтары, сондай-ақ мемлекетік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады. Бұйрықтың көшірмесі және оның қосымшалары Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтында орналастырылады: https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/documents/details/180894?lang=kk.